Жанбота Алдабергенова шаңғы спортынан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

0
1 036

Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысты.


Жанбота Алдабергенова шаңғы спортынан Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнирдің күміс жүлдегері атанды, - деп жазады tengrinews.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 170.08 ұпай жинады.

Бірінші орынды аустралиялық Лаура Пил иеленген. Қола жүлдені украиналық Анастасия Новосад еншіледі. Ол 153.92 ұпай жинаған.

Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева мен Аяна Жолдас 13 және 17-орындарды қанағат тұтты. Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысты.