Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен шығып қалды

0
650

Екі қазақстандық боксшы үздік 15 боксшының қатарына қосылды.


Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен шығып қалды

ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде үздік бес боксшының қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz.

26 жастағы Ахмедов ақырғы жекпе-жегін желтоқсан айында АҚШ жерінде өткізіп, жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін рейтингінде бесінші орынға көтерілді. Ал осы салмақтағы екінші отандасымыз Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) төртінші сатыда.

Халықаралық бокс федерациясының жаңартылған рейтингінен Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) шығып қалды. Есесіне орта салмақта жұдырықтастан Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) 13 орынға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек болса (12-0, 8 КО) 11 орынға шықты.