Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді

0
3 083

Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.


Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді

ERNUR.KZ. Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады, деп жазады inform.kz.

CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшы бұған дейін 2024 жылы 160 фунт дивизионында абсолютті әлем чемпионы болуды жоспарлап отырғанын бірнеше рет айтқан болатын.