Жәнібек Әлімханұлы мен бұрынғы әлем чемпионы көз арбасты

0
499

Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 27 маусым, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста өтеді.


Жәнібек Әлімханұлы мен бұрынғы әлем чемпионы көз арбасты

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен бұрынғы әлем чемпионы америкалық Робо Брандт жекпе-жек алдында көз арбасты, деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 27 маусым, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста өтеді.

Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапондық Масаеши Накатани андеркартында өтеді. Қазақстанда ол тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегасқа жеткені хабарланған болатын.

"Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін", - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.