Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде Головкинге жетіп алды

0
698

Жекпе-жек өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде болды.


Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде Головкинге жетіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін рейтингте, деп жазады Vesti.kz.

Жекпе-жек өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде болды. Жәнібек алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осыдан кейін Әлімханұлы BoxRec-тің P4P рейтингінде қазақстандық боксшылар арасында екінші болды, ал тізімде бірінші Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).

Сонымен қоса, қазақстандық боксшылардың P4P рейтингіндегі топ-5 тізімде Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО), Қанат Ислам (28-0, 22 КО) және Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) бар.