Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің биігіне көтерілді

0
793

Қанат Ислам үздік бестікте.


Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінің биігіне көтерілді

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесінде рейтингін жаңартты, деп жазады vesti.kz.

Жарияланған жаңа тізімде қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер бар.

Оылайша, орта дивизионда Жәнібек Әлімханұлы үш саты жоғарлап, мексикалық Хайме Мунгиядан кейін екінші болды. Қанат Ислам тізімде бесінші орынға көтерілді, ал Мейірім Нұрсұлтанов 13-ші орында өгеріссіз қалды. WBO ұйымының орта салмақтағы чемпионы амеркиалық Деметриус Андраде.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы позиция өзгертпеді, төртінші орында тұр. Бұл дивизион чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс.

Айта кетейік, Жәнібек пен Айдос өз салмақтарында WBO Global титулдарына ие.