Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды

0
2 552


Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Розенбергте (АҚШ, Техас) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен IBF белбеуінің иегері, неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Zakon.kz.


Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті белсенді бастады, бірақ Винченцо Гуальтиери сақтық тактикасын ұстанып, қарсы шабуылға шығуға тырысты.

Үшінші раундта Әлімханұлы шабуылды үдете түсті, ал төртінші раундта қазақстандықтың бір соққысынан кейін Гуальтиери құлап қала жаздады, бірақ қарсы шабуылға шығуға күш тапты.

Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласының тас-талқанын шығарды, ал төреші жекпе-жекті тоқтатып, файтеріміздің техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

Осылайша, Әлімханұлы Қазақстанның бокс тарихындағы біріккен жекпе-жектен кейін екі чемпиондық белбеудің иегері атанған екінші боксшы болып отыр. Жәнібектің еншісінде 15 жеңіс бар, ол оның 10-ын нокаутпен жеңген.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы төрт белбеуді де жинағысы келетінін мәлімдеді.