Жансая Әбдімәлік FIDE Гран-приінің екінші кезеңінен кейін алтыншы орын алды

0
472

​Мюнхенде (Германия) әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі аяқталды.


Жансая Әбдімәлік FIDE Гран-приінің екінші кезеңінен кейін алтыншы орын алды

ERNUR.KZ. Неміс жарысының қорытындысы бойынша Қазақстан шахматшысы Жансая Әбдімәлік жалпы есепте алтыншы қатардан көрінді, деп жазады zakon.kz.

Жансая Әбдімәлік Мюнхенде 11 ойын өткізді: 2 рет жеңді, 2 рет жеңілді және 7 кездесу тең аяқталды. Қорытынды хаттамада ол 5,5 ұпай жинап, жарыстың осы кезеңінде 7-орынға шыға алды. FIDE Гран-приінің Астана кезеңінің нәтижесін есептесек, Жансая жалпы турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Екі кезеңде ол 11 ұпай, оған қоса 6 750 еуро жүлде (Астана) және 5 500 еуро (Мюнхен) алды.
Ресейлік Александра Костенюк Мюнхенде өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңінде 7,5 ұпай алып, жеңіске жетті. Одан кейінгі орында Хампи Конеру (Үндістан) – 7 ұпай, Нана Дзагнидзе (Грузия) – 6,5 ұпай.
Шахматшыларды әлі де Нью-Дели (Үндістан) және Быдгощта (Польша) өтетін FIDE Гран-приінің екі кезеңі күтіп тұр.