​Жапония мен Сенегал жанкүйерлері стадионды тазалады

0
1 191

Жеңістен соң сенегалдықтар Мәскеудегі "Спартак" стадионының қоқысын өздері тазалап шыққан.


​Жапония мен Сенегал жанкүйерлері стадионды тазалады

ERNUR.KZ Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатында Жапония мен Сенегал құрама командалары 1 - турдағы матчтарын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жапония құрамасы Колумбияны 2:1 есебімен жеңсе, Сенегал Еуропа өкілі Польшадан 2:1 есебімен басым түсті.

Жеңістен соң сенегалдықтар Мәскеудегі "Спартак" стадионының қоқысын өздері тазалап шыққан. Осылайша олар көпшіліктің ризашылығына бөленді. Ал, азиялықтар да Саранск қаласындағы "Мордовия Арена" стадионындағы қоқыстарды жинады. Осылайша футбол фанаттары Әлем чемпионатының ұйымдастырушыларына көмектесуде.