"Жазасы ауыр болады": Фрэнк Лэмпард Англияның Еуро финалында ұтылғанына қатысты ойын айтты

0
391

"Уэмблиде" өткен шешуші ойында Англия құрамасы матчтен кейінгі пенальти сериясында Италияға есе жіберді.


ERNUR.KZ. Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард команданың Еуро-2020 финалында ұтылғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады kaz.vesti.kz.

"Ойыншылар жеке де, команданың да қалай өсіп келе жатқанын көрдік. Осы команда артындағы елдің қалай өсіп келе жатқанын көрдік. Италия ойынның көп тұсын бақылауында ұстады. Оларды мойындау керек. Жеңіске лайық болды.
Англия құрамасы жұмсаған күш біздің жүрегімізге қымбат, біз оның үлкен нәтиже беруін қаладық. Финалды кей сәттердің арқасында ұтып алады. Ойын кез келген бағытқа өзгеруі мүмкін. Әр қателіктің жазасы өте ауыр болады. Ойын сондай", - дейді Лэмпард.

Еске салайық, "Уэмблиде" өткен шешуші ойында Англия құрамасы матчтен кейінгі пенальти сериясында Италияға есе жіберді.