Жазғы олимпиаданың ашылу салтанаты алғаш рет өзен жағасында өтеді

0
720

​Сена жағалауындағы ашылу салтанаты 2024 жылдың 26 маусымында болады.


Жазғы олимпиаданың ашылу салтанаты алғаш рет өзен жағасында өтеді

ERNUR.KZ. 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы олимпиаданың ашылу салтанаты алғаш рет стадионда емес, Сенаның жағасында ұйымдастырылатын болды, деп жазады Zakon.kz.

Сена өзенінде Олимпиада ойындары тарихындағы ең әсерлі және барлығы тамашалай алатын ашылу салтанаты болады. Бәріне ашық, саған ашық.Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті

Олимпиадаға қатысушы елдер делегацияларының шеруі өзен бойымен шығыстан батысқа қарай өтеді, оның жалпы ұзындығы алты шақырым болады. Парижге әлемнің түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы жиналады деп жоспарлануда. Жанкүйерлер мен көрермендер ашылу салтанатын көпірлер мен жағалаулардан тамашалай алады. Оған қоса үлкен экрандар орнатылады.

Париждегі Жазғы олимпиада 2024 жылдың 26 маусымы мен 11 тамызы аралығында өтеді