​"БИІК Қазығұрт" Еурокубоктан шығып қалды

0
1 567

Ел чемпионы Шымкенттің "БИІК Қазығұрт" клубы сырт алаңда Каталонияның "Барселона" ұжымымен кездесті.


​

Футболдан əйелдер арасында 1/16 финалының қарымта матчтары басталды, деп хабарлайды ERNRUR.KZ тілшісі.

Ел чемпионы Шымкенттің "БИІК Қазығұрт" клубы сырт алаңда Каталонияның "Барселона" ұжымымен кездесті. Алғашқы матчта 1:3 есебімен жеңілген испаниялықтар ойынның басынан шабуыл ұйымдастырып, 4-минутта есепті ашты. Гол авторы Патрисия Гихарро.

Екінші таймның басында шымкенттіктер екінші рет өз қақпаларынан допты алып шықты. 48-минутта Марта Торрехон Оксана Железняктың қақпасын анық нысанаға алып, есімін таблоға жаздырды. Кейін "БИІК Қазығұрт" футболшылары бір гол соғуға тырысты. Бірақ, алаң қожайындары оларға гол соғуға мұрша бермей, соңғы минутта тағы бір гол соқты. Бұл жолы Лике Мартенс сəтті ойын көрсетіп, командасына жеңіс келтірді - 3:0. Осылайша екі ойын қортындысы бойынша 4:3 есебімен жеңіске жеткен "Барса" келесі айналымға жолдама алды.