Желіде футзалдан Қазақстан құрамасының эмоцияға толы видеосы жарияланды

0
495

​Футболистер эмоцияларын есіктерді ұрғылап, қол шапалақтап шығарып жатыр.


Желіде футзалдан Қазақстан құрамасының эмоцияға толы видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамының чемпионаттың жартылай финалына шыққаннан кейінгі видеосын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Видео киім ауыстыратын жерде түсірілген. Ол жерден құрама өкілдерінің қуаныштары қойнынА сыймай отырғанын көруге болады.

Футзалдан Қазақстан құрамысының бапкері Кака "Алға, Қазақстан" деп айғайлайды, футболистер болса эмоцияларын есіктерді ұрғылап, қол шапалақтап шығарып жатыр.

Естерізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Осылайша тарихи жеңіске жетті.

Құрамын бұл жетістікпен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі құттықтады.