Давид Ефремов жаңа рекорд авторы атанды.
ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп жазады olympic.kz.
Кедергілер арқылы жүгіру бойынша 60 м қашықтықта Давид Ефремов жаңа рекорд авторы атанды. Ол тиісті қашықтықты 7.65 секундта бағындырды.
Айта кетерлігі, бұған дейінгі рекорд та Давид Ефремовке тиісті болатын. 

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
