Жеңіл атлетикадан облыс біріншілігі мәресіне жетті

0
2 206

2018 жылдың 2 - 3 ақпан күндері Шымкенттегі "Жеңіл атлетика" спорт кешенінде 1999 - 2000 жылы туылған жастар арасында жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты өтті.


Жеңіл атлетикадан облыс біріншілігі мәресіне жетті

2018 жылдың 2 - 3 ақпан күндері Шымкенттегі "Жеңіл атлетика" спорт кешенінде 1999 - 2000 жылы туған жастар арасында жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты өтті. 60 метрге жүгіру сайыстарында Умиджан Құдыреттіллаев 7,56 секунд көрсеткішпен 3 - орынды иеленді. Екінші орыннан Михаил Драганов (7,46 сек) көрінді. Ал, мәре сызығын 7,44 секундта кесіп өткен Батыржан Тұрғынбаев жеңімпаз атанды.


800 метрге жарысқандардың да бәсекесі тартысты өтті. Сейдалы Абдулазизов 2:03:90 нәтижесімен облыс чемпионы атанды. Қыздар арасында 60 метр қашықтыққа жүгіруде Аделия Әліханға тең келетін қарсылас табылмады. Ол 28,41 секунд көрсеткішпен бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қашықтыққа және биіктікке секіруден де мықтылар анықталды. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 25-26 ақпан аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.