Жеңіл атлетикадан Таиландтағы турнирде қоржынға екінші «алтын» түсті

0
903

Елизавета Матвеева биіктікке секіруден алдына жан салған жоқ.


Жеңіл атлетикадан Таиландтағы турнирде қоржынға екінші «алтын» түсті

ERNUR.KZ. Тайландта жеңіл атлетикадан Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирі жалғасуда. Бүгін Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті деп жазады Olympic.kz.

Елизавета Матвеева биіктікке секіруден алдына жан салған жоқ. Ол 1.83 метрді бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Осылайша, Қазақстан спортшылары жеңіп алған алтын медаль саны екеуге жетті. Бұдан бұрын Мария Овчинникова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанған болатын.