Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсті

0
404

Али бұған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның жетеуі нокаутпен.


Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсті

ERNUR.KZ. Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоев (10-0, 7 КО) Hardcore Fighting турнирінде ресейлік Курейш Саговқа (7-2, 2 КО) есе жіберді, деп жазады Vesti.kz.

Сегізінші раунд соңында Сагов қазақстандық боксшыны нокаутқа түсірді. Осылайша, Балоев карьерасында алғша рет жеңілді. Өйткені бұл жекпе-жек бокс реестіріне тіркелді.

Айта кетейік, Али бұған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді, тіпті оның жетеуі нокаутпен.

Ал осыған дейін жеті жекпе-жек өткізген Сагов нокаутшылар қатарында емес еді. Ол осы жеті айқастың тек екеуін ғана мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның үстіне өзі де екі рет жеңілген.