Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің финалына шықты

0
633

Ж.Құламбаева 19 жастағы тай спортшысы Ланлан Тарарудимен бірге қытайлық дуэт – Ли Зонгуй - Ушуан Чженмен ойнауы тиіс болған.


Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева топырақ төсенішіндегі ITF турнирінің жұптық кезеңінде финалға шықты. Жарыс Қытайдың Аньнин елді мекенінде өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ.

Ж.Құламбаева 19 жастағы тай спортшысы Ланлан Тарарудимен бірге қытайлық дуэт – Ли Зонгуй - Ушуан Чженмен ойнауы тиіс болған. Алайда олардың қарсыластары кездесуге келмей қалды. Сол себепті Құламбаева мен Тараруди келесі кезеңге өтті.

Ақтық сында қазақ-тай жұбы қытайлық спортшылар Гуо — Яньға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, кеше жеке сынның 1/8 финалында 23 жастағы Жібек Құламбаева қытайлық теннисші Юфей Реннен жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.