Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

0
372

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.


Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, жазады sputnik.kz.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.
Екінші орынды қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға өзбекстандық Нигора Абдуллаева табан тіреді.