Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық жарыста 2-орын алды

0
604

Алтын медальді өзбекстандық Муаттар Нәбиева (205 кг) иеленді.


Зүлфия Чиншанло ауыр атлетикадан халықаралық жарыста 2-орын алды

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының өкілі Зүлфия Чиншанло Ауыр атлетикадан халықаралық кубокта күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ауыр атлетика бойынша жарыс онлайн режимде өтті. Ол Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Қоссайыс нәтижесі бойынша спортшы 200 кг (85+115) салмақ көтерді.

Алтын медальді өзбекстандық Муаттар Нәбиева (205 кг) иеленді. Үшінші орынға польшалық Йонна Лочовска 185 килограмм көтеріп, жайғасты.