Зульфия Чиншанло уақытша жарыстардан шеттетілді

0
388

Оған себеп спортшының ағзасынан тыйым салынған препараттың ізі табылды.


Зульфия Чиншанло уақытша жарыстардан шеттетілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық зілтемірші бір жылға жуық барлық жарыстардан тыс қалып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Отандасымыздың ағзасынан тыйым салынған препараттың ізі табылды. Ол анаболикалық стероид "Метандиенон".

Егер қазақстандық атлеттің аталған дәріні қолданғаны расталса онда ол сегіз жылға спорттан шеттетіледі. Чиншанло допингпен осымен екінші рет ұсталып отыр. Алғаш рет WADA (допингке қарсы агенттігі) Лондон (2012) олимпиадасынан кейін отандасымыздың допинг қолданғанын растаған еді.

Салдарынан олимпиада алтынынан айрылған Алексей Нидің шәкірті екі жылға жарыстардан шеттетілді. Қазір тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды.