Айбек Мұхамед Әлі, әнші. ERNUR.KZ: Қайырлы кеш, Айбек! Алғашқы сұрақ былай болсыншы, қазір "ұялмаған əнші болады" деген заманның нақ өзі болды деген пікірмен қаншалықты келісесіз? Айбек Мұхамед Əлі: Таланты, дауысы болмаса және ұялмаса, онда ол әнші өзіне ғана әнші! (Күліп).
Айбек Мұхамед Әлі, әнші.
ERNUR.KZ: Қайырлы кеш, Айбек! Алғашқы сұрақ былай болсыншы, қазір "ұялмаған əнші болады" деген заманның нақ өзі болды деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
Айбек Мұхамед Əлі: Таланты, дауысы болмаса және ұялмаса, онда ол әнші өзіне ғана әнші! (Күліп).
Айбек Мұхамед Әлі: Әндерім, туындыларым жарық көруде "Алыста" атты бейнебаяным шықты, бір сөзбен айтқанда творчестволық ізденістемін.
ERNUR.KZ: Осы тұста өзіңіздің отбасыңыз туралы толық айтып беріңізші.
Айбек Мұхамед Әлі: Менің жеке отбасыма келер болсақ, әкем мен анама мың алғыс, аман болсын, мені дүниеге әкелгендеріне рақмет! Өзімнің екі ұлым және сүйген жарым бар, мен бақытты отағасымын деп айтқым келеді!
Айбек Мұхамед Әлі: Өнер өлмейді. "Тарлан" деген аты ғана болмаса, әндері орындалып жүр және орындала береді!
ERNUR.KZ: Топта əн айтудың да өзіндік қиындығы бар. Топта жүргенде көңіліңіз қаламаған əнді айтқан жағдай болды ма?
Айбек Мұхамед Әлі: Көңілің қаласа ән айтып, қаламаса айтпау дегенді мен түсінбеймін. Өнерде жүрген соң, әнші болғандықтан, әнді xалықтың жадына жағымды жеткізу ол әр әншінің міндеті!
ERNUR.KZ: Сіздің кәсіби əнші екеніңізді білеміз. Көпшіліктің ойынша, той əншілері алдыңғы шенге шығып кетті. Неліктен деп ойлайсыз?
Айбек Мұхамед Әлі: Той әншілері деген ол әншейін ішінде той дегені бар термин. Егер той әншісімін деп өздерін есептейтін болса онда бөлінейік, саxна, тағы басқа деп... Менің айтқым келгені, xалықтың алдына шығып ән айтудың өзіндік мәні, сәні болуы қажет, яғни жанды дауыста жеткізе білу!
Айбек Мұхамед Әлі: Көпке топырақ шашқым келмейді! Әрине бір ағамыз қазақ эстрадасын "солянкаға" теңеді екен деп бәрі өзгере салмайды. Бес саусақ бірдей емес қой. Сондықтан өнерде жүрген отандастарыма "Тек алға!" дегім келеді, өйткені өнерсүйгіш қауымға өнерсіз өмір жоқ.
ERNUR.KZ: Cізге де, өнеріңіз алға баса берсін дейміз, рақмет!
Фото: aibekmukhametalyev
Автор: karashash_esenbay
ERNUR.KZ