ЭКСКЛЮЗИВТІ СҰҚБАТ: Намазға кедергі болған продюсер актерлерге әжетханадан су берген

0
7 136

Ерболат Төлегенов пен Бибігүл Дәулетбекқызы әлі тіл табыса алмаған.


ЭКСКЛЮЗИВТІ СҰҚБАТ: Намазға кедергі болған продюсер актерлерге әжетханадан су берген

Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.

Бір апта бұрын актер Ерболат Төлегеновтың атақты продюсерден келісілген ақшаны ала алмай жүргені туралы хабар тарағаны белгілі.

Әңгіменің растығын білмек мақсатта, сол күні актерге хабарласқанымызбен сөйлесуге мүмкіндік болмады. Сондықтан бағдарламаның редакторы болған, журналист Айдос Игіліковке хабарласқан болатынбыз.

Ол ақпараттың рас екенін және келісілген ақшаны бермей жүрген продюсер, халыққа жақсы танымал тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызы екенін айтты.

Бүгін актерге қайта хабарласып, жол үстінде болса да бірнеше сұрақ қойып үлгердік.

ERNUR.KZ: Қайырлы күн, Ерболат аға! Сіз туралы жаңалықты естіп жатырмыз, осының аясында өзіңізге бірнеше сұрақ қойсақ деген едік...

Ерболат Төлегенов: Қандай сұрақ қоятын едіңіздер... шынымды айтсам, қазір бұл туралы айтпасам деген едім. Сұрақтарыңызды қойып көріңізші?

ERNUR.KZ: Қазір ақпарат тарағанына бір аптадан асты, продюсермен ортақ шешімге келетіндей ыңғай бар ма?

Ерболат Төлегенов: Ой, жооқ! Ол ақшаны беретін адам емес қой. «Бермеймін ақша!» деді, болды ғой.

ERNUR.KZ: Неліктен құжат бойынша келісімшарт жасамадыңыздар?

Ерболат Төлегенов: Маған «жүргізіп берші» деп өтініш жасады, "жарайды" деп келістім. Осынша ақша бере аламын дегеніне де келістім. Қанша қаржы екенін айтпай-ақ қояйын. Қазір журналистер түймедей нәрсені түйедей етіп жібереді. Журналистің жазғандарына «анау» тағы шығады. (ред: продюсерді атап отыр) Ол да журналист қой, сондықтан қаржының сомасын айтпай-ақ қойыңыз. Берсе береді, бермесе садақа!

ERNUR.KZ: Түсірілім барысында қатты талаптар қойды, намаз оқуға тыйым салды деген ақпарат қаншалықты рас?

Ерболат Төлегенов: Намазға тиым салған ештеңесі жоқ, тек «Не қылған бітпейтін намаз..» деген әңгімелері болды. Бірақ тиым салған жоқ, жалпы намаз оқуға ешкім тиым сала алмайды ғой. Бірақ намазымды қаза етіп, бағдарламасын жүргізіп бергенімде жақсылық алмадым. Сол ғана...

ERNUR.KZ: Ол продюсер жақында қазіргі батырлар қызбен алысып жүретінін айтып, пост жазды. Өзіңізге арнап жазылған сияқты емес пе?

Ерболат Төлегенов: Жазсын, жаза берсін. Ол не жазбай жатыр? Бірақ дәл менің адресіме ештеңе жазбады. Жазса, сол кезде көретін едік... Ол өмірі "недовольная" адам ғой, анаған да, мынаған да көңілі толмайды.

ERNUR.KZ: Продюсермен бұрыннан таныс па едіңіз?

Ерболат Төлегенов: Жоқ, бұрын таныс емес едім. Өзі хабарласып «осынша ақша беремін» деді. "Мына күні бітеді" деген сьемкасы бітпей, созылып кетті. Сосын оған: «Бір бағдарламаға кемі 40 мыңнан бөлінеді» деп едім, «Жоқ, бізде ондай ақша жоқ" деді.

Бұл президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатыр, қалай ақша бөлінбейді? Бөлінеді ғой! Бағдарламаны түсірген арна басшылығы: «Сіз аутсорсинг компаниямен келістіңіз. Олармен қалай келістіңіз, шаруамыз жоқ», - деді. Бірақ арнаның айтқаны да дұрыс! Мен келісімге продюсермен келдім ғой. Бірақ «бермеді» деп айта алмаймын. Келісілген ақшаның 30 пайызын беріп, қалғанын бермей қойды.

ERNUR.KZ: Демек аз сомасы болса да алдыңыз ғой?! Бірақ барлық жерде сіз туралы "Ақшасын ала алмай жүр" деген ақпарат жазылды.

Ерболат Төлегенов: Менде диктофонда да бар, "Алмадым" деп айтқан жоқпын. Құдайдың алдында алғанымды жасырмаймын ғой. Бірақ менен ешкім сіз ұқсап хабарласып, интервью алған жоқ! Олар өздерінің ойынша жазып жатқан адамдар ғой. Ешкім хабарласпады.

Қарашаш, бір айтқым келетіні, әйел адаммен сөзге келуді қаламаймын! Біреулерге пиар керек шығар?! Бірақ өзімнің онымен айтысуға құлқым жоқ! Оны адам жеңбейді, бекер жұмыс істеген екенмін. Осы жерін жазуыңызға болады.

Оның жаман әдеті «Анау сені бұлай деп жатыр, мынау былай айтып жатыр» дейтіні. Басында "рас шығар" деп сенетін едім, кейін сол бағдарлама да жұмыс істеген сценарист қыздарды басқа жерде көріп қалғанда «Олай айтпадық, ол кісінің әдеті солай" дегеннен кейін бәрі түсінікті болды ғой.

ERNUR.KZ: Ол бағдарламаға түсу үшін қанша уақытыңызды арнап едіңіз?

Ерболат Төлегенов: Ой, біраз уақытым соған кетті. Оразаның кезі болатын, «тамақ болмады» демеймін, болды. Әжетхана маңынан су ішкен әртістер де бар. Енді оны өзім көрмедім, бірақ Айдос көрді. Әрі судың болмағаны рас. Өйткені, мен суды өзім алып келіп іштім. Кейде екі түйір вафлимен ауыз бекіткендер болды, үндемей «Құдайдың сынағы шығар» деп жүрдік...

Жалпы әйел адаммен сөзге келгім келмейді!

ERNUR.KZ: Жақсы, аға! Уақыт бөлгеніңіз үшін рақмет!

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ