Гүлнұр Оразымбетова өзін "Абай жолының" авторын білмейді" дегендерге жауап берді

0
5 132

Гүлнұр Оразымбетова өзін "Абай жолының" авторын білмейді" дегендерге жауап берді. 26 сәуір күні болған "Таңшолпан" бағдарламасынан кейін желіде осындай пікір тараған еді. Ол күнгі бағдарламаға "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалы 13 сәуірде өткізген жастар арасында "IQ START" интеллектуалдық тестілеуінің жеңімпазы болған үш оқушы қонақ болды. Жүргізушілер оқушыларға: "Қандай кітап оқисыздар?" деген сұрағына 9 сынып оқушысы "Абай жолы" романының авторын Мағжан Жұмабаевпен шатастырады. Осыдан кейін желі қолданушылары журналистерді сынға алып, түрлі пікір жазуда.​


Гүлнұр Оразымбетова өзін

Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.

Гүлнұр Оразымбетова өзін "Абай жолының" авторын білмейді" дегендерге жауап берді. 26 сәуір күні болған "Таңшолпан" бағдарламасынан кейін желіде осындай пікір тараған еді. Ол күнгі бағдарламаға "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалы 13 сәуірде өткізген жастар арасында "IQ START" интеллектуалдық тестілеуінің жеңімпазы болған үш оқушы қонаққа келді. Бағдарлама барысында жүргізушілердің "Қандай кітап оқисыздар?" деген сұрағына 9 сынып оқушысы "Абай жолы" романының авторын Мағжан Жұмабаевпен шатастырады. Осыдан кейін желі қолданушылары журналистерді сынға алып, түрлі пікірлерді әлі де жазып жатыр. Оқушылардан сұқбат алған белгілі әнші-тележурналист Гүлнұр Оразымбетова мен журналист Данияр Есен болатын.

Осы орайда біз бағдарламаны жүргізіп сынға қалған Гүлнұр Оразымбетованың өзіне хабарласып пікір сұраған едік.

Гүлнұр Оразымбетова: "Мен бұл туралы жазған журналистің ісін бәле іздеп, компромат іздеу деп ойлаймын. Біз эфирге ең ақылды балаларды шақырып отырмыз, ол балалар қазір жасөспірім шақта. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдерін білесіздер, бір жерінен кемшілік тапсаң, бетіне қатесін бассаң бір нәрсеге ұрынып қалуы да мүмкін. Олар балалар бар болғаны 9 сыныпта оқиды.

Оның үстіне біз оларды елге ең ақылды балалар деп таныстырып, эфирге шақырып отырмыз. Дәл сол кезде оның бетіне басып, екі рет қателескенін айтып "Мұхтар Әуезов дегің келген шығар" десек көңіліне алады емес пе? Ол эфирді оның ата-анасы, достары, жалпы бүкіл ел көріп отыр. Ол қыз "Абайдың, жоқ, Мағжан Жұмабаевтың...." деп айтқанын да мен Даниярға қарадым. Бұл Даниярдың журналист ретінде жасаған керемет тапқырлығы деп ойлаймын, себебі ол қыздың сөзін бөлмей, әрі қарай 7 секунттан кейін Данияр «М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы"-, деп айтып өтеді. Ал бәле іздеген журналист таңғы эфирді көріп отырып оқушының сөзін кесіп алған. Оның ойы қандай болғанын білмеймін, бірақ бізден түзету болмай қалған жағдайда «Неге олай жасадыңдар?» десе түсінер едім. Ол кезде біз «Кінәліміз!» дер едік, бірақ эфирде қателік түзетілді. Бірақ олар түзетілген жерін қиып тастап беріп отыр. Бұл олардың кінәсі. Екіншіден, «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деп айтқанымен, журналист бізді шұқып отыр! Үшіншіден, ол қыз қылмыскер емес, бір нәрсе бүлдіріп отқан жоқ. Әдетте ұсталған, сотталған адамның бетін жауып көрсетеді емес пе? Ол кішкентай қыз баланың бетін неге ол жабады? Біздің бетімізді ашып, оны бұлдыратып көрсетеді. Бұл дегеніңіз балаға үлкен соққы. Шындығына келгенде, біз оны әдемі алып шыға білдік. Сондықтан ол журналистікі бәле іздегендік деп қарап, аса мән бермеймін. Жазып отырған журналист Ұлттың арнада жұмыс істеген адам, өткенде "Бақытты әйел" туралы да теріс пікірлер жазған екен. Біз ол жерде баланы да, ата анасын да, тіпті ұстазын да ақтап алдық. Ол жерде бүлінген ештеңе жоқ. Халық толық нұсқасын көрмегендіктен түрлі пікірді жазып жатыр. Мен де анамын, Данияр да әке. Ол қыздың жасындағы менің де балам бар. Олар тек қазақ емес, шетел әдебиетін де оқып өсіп жатыр. Бәлкім, ол қыз шын мәнінде білмейтін де шығар? Бірақ эирде бір нәрсе айтқысы келіп, артық қыламын деп, тыртық қылып алды. Ол қызды өте жақсы түсініп отырмын",- деген әнші өзін және өспірімді сынағандарға бағдарламаның толық нұсқасын мұқият қарап шығуға кеңес берді.

Бағдарламаның толық нұсқасын көрер болсаңыз, оқушының сөзінен кейін бірнеше уақыт өткенде Данияр Есен: "Иә, расында да көптеген кітаптар бар. Оның ішінде Әуезовтың "Абай жолы" кітабы қазақтың тарихынан сыр шертетін үлкен бір туынды десек те болады" де қателіктің жібін жатқызып түзеп кетеді.

Бағдарламаның толық нұсқасы.



Фото: gulnurorazymbetova

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ