Қуандық пен Сағыныш: "Балаларымызды да вайнға түсіргіміз келеді"

0
4 076

Ескерту: Автор және редакцияның жазбаша рұқсатынсыз мақаланы көшіріп басуға тыйым салынады.


Қуандық пен Сағыныш:

Қазіргі таңда желіде түрлі видеолар жиі жүктеледі, кейде олардың кейіпкерлері жұлдызға айналуы таң қалатын дүние емес. Өйткені әлеуметтік желінің күші бұл деңгейге баяғы да жеткен. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз де желінің жұлдыздары, қарапайым бимен танылған жас отбасы Қуандық пен Сағынышқа Алматыға барғанымызда арнайы жолығып, жақынырақ таныстық.

Қарашаш Есенбай: Екеуіңіз бимен танылдыңыздар, бәрінің басталуына не түрткі болды?

Қуандық: Осыдан бір жыл бұрын видео түсіріп бастағанда би түсіреміз деген ой болмады. Ол кезде бір-бірімізге деген сезімді, яғни «love story» сияқты дүние түсіреміз деп ойладық. Махаббатымызды көрсету мақсатында басталды. Уақыт өте келе бұл видеолар халыққа ұнай бастады. Сосын, біз үйлендік. Үйленбей тұрып та билер түсіргенбіз.

Қарашаш Есенбай: Сіздерді үйде билеген билеріңіз арқылы таныдым. Ол өте көп қаралым жинады. Үйегі жас жұбайлардың биін билеу идеясы қалай пайда болды?

Қуандық: Блогер досымызға би түсірсек қалай болады деп айтып едік, мына өлеңге би түсірген жақсы деп кеңесін ұсынды. Сосын танымал "Половина моя" деген әнге би түсіріп көрдік. 1 күннің ішінде 40 мыңдай қаралым жинады. Одан кейін арнайы видео түсіре бастадық. Үйленгеннен кейін, 5 күн өткен соң, үйде билеп қызықты видео түсірсек деген идея келді. Бұл видео өзге адамдардың қызығушылығын тудырды. Видеоны салмай тұрып 9600 жазылушымыз болса, сол биімізден кейін танылып, қазір 100 мыңға дейін көтерілді.


Қарашаш Есенбай: Сіздердің вайндарыңызды ғана көріп жүрміз, өздеріңізбен жақынырақ таныссақ?

Қуандық: Мен Алматы қаласында туып өскенмін. Бірақ ата-анам Семейден. Отбасымда екі ағайындымыз, қарындасым бар. Қазір Астана қаласында оқиды. Бимен, спортпен айналысады. Өнерден алыс емес. Өзім Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде оқыдым.

Сағыныш: Мен де Алматыда туып өстім. Ал ата-анам Жамбыл облысынан. Біз де 2 ағайындымыз. Інім бар. Биыл бірінші сыныпқа барды. Үйдің үлкенімін.

Қарашаш Есенбай: Таныстықтарыңыз қалай басталды?

Қуандық: Менің студент кезімде әйелім екеуміз көрші оқыдық. Мен олардың колледждеріне барып тұратын едім. Бірақ ол кезде таныспадық. Кейін мен әскерде жүрген кезде таныстық. Әлеуметтік желілер арқылы араласып жүрдік. Әскерге маған тамақ әкеліп тұратын. Әскерден келген соң 1 жыл кездесіп, АЛЛАның қалауымен бас қостық.

Қарашаш Есенбай: Қуандық, сіздің бұрын «Жайдарман» ойнағаныңызды білемін. Сол туралы толық айтып кетсек, қай командада ойнаған едіңіз?

Қуандық: Мен "Бизнесмендер Алматы" деген командада болдым. Квнді 2011 жылы бастағанбыз. Жақында «КТА»да Хамит Ердехан, Колобок бәріміз бірге ойнадық. Алдағы уақытта «КТА»-ның Алматыдағы филиалын ашсақ па деген жоспарымыз бар. Тұрсынбек ағамыздың қолдауымен жүзеге асып қалуы мүмкін. Ал әйелімнің өнерге қатысы жоқ. Ол енді үйреніп келе жатыр.

Қарашаш Есенбай: Неше адам болса, сонша пікір болатыны ақихат. Видеоларыңызға айтылған теріс пікірлерді қалай қабылдайсыздар?

Қуандық: Иә, ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Теріс ойларда жазылып жатады. Көңілге алмау үшін оқымауға тырысамыз.

Қарашаш Есенбай: Көңілге қатты келген пікірлер болды ма?

Қуандық: Әйелім өнерге енді келіп жатқандықтан, кейде ашуланып жатады. Сонда "қыздың ана жері анандай, ол мұндай" деген сөздер жазады ғой. Оларға ашуланбай, керісінше мотивация алу керек екенін айтамын. Бұл кісі енді үйреніп келе жатыр. Көшеде біреулер танып, суретке түсіп жатса ұялып қалады (күліп).

Қарашаш Есенбай: Вайн түсіруден басқа қандай қызметпен айналысасыздар?

Қуандық: Мен банк қызметкері болып 1 жыл жұмыс істегенмін. "Ат айналып қазығын табар" демекші, бәрібір өнерден ажырап кете алмайсың. Қазір осы сала бойынша жаңа жобалар бастап жатырмыз. Ютуб арна ашу ойда бар. Отбасылық өмірдің қызықты сәттерін көрсететін қысқаметражды кинолар түсірсек па деген ойдамыз.

Сағыныш: Жоқ, бұрын мамандығым бойынша жұмыс істемедім. Бірақ енді қолға алып жатырмын. Жақын арада Астанаға барып келген соң шешіледі...

Қарашаш Есенбай: Астанаға шығармашылық жұмыстармен жүргелі отырған сияқтысыздар?! Қандай жаңалықтар, өзгерістер болуы мүмкін??

Қуандық: Астанада көптеген жаңа жерлер ашылды. Сол жерде әдемі дүниелер түсіріп қайтсақ па деп жүрміз. Қазір биді көп түсіріп жүрген жоқпыз. Сол жақта би түсіріп, блогерлермен кездесіп видео түсірсек пе деген ойдамыз.

Қарашаш Есенбай: Шыны керек, сіздердің вайндарыңыздан билеріңіз халыққа көбірек ұнайтын сияқты...

Қуандық: Ия, бимен танылғанымыз рас. Көшеде кетіп бара жатқанда естіп қаласың, көбі "блогерлер, биші паралар емес пе?" деп жатады. Бимен танылдық, әйтсе де би сала беру де қызықсыз. Енді күнделікті өмірдегі ерлі-зайыптылардың өмірін түсіруді қолға аламыз.

Қарашаш Есенбай: Қазір желіде ерлі-зайыптылардың вайндары көп. Олардан сіздердің қандай ерекшеліктеріңіз болмақ?

Қуандық: «Біздікі ерекше болу керек» деген ойда емеспіз. Бірақ, алдағы уақытта әйеліміз екеуміздің орнымызды ауыстырып видео түсірсек деген идея бар.

Қарашаш Есенбай: Ол кезде қатты сынға қаламыз деп ойламайсыздар ма?

Қуандық: Иә, сын болатыны рас. "Еркек ондай болу керек, әйел бүйтпеу керек" деген сөздер айтылатыны да қалыпты. Алдағы уақытта көреміз. Әзірге белгісіз.

Қарашаш Есенбай: Инстаграмда жарнамаларды өте көп саласыздар. Табыс көздеріңізде сол сияқты. Құпия болмаса, жарнаманың құны қанша?

Қуандық: Шыны керек, инстаграм блогерлердің табыс көзі. Жасыратыны жоқ, көбісі инстаграм арқылы ақша табады. Ол бір шетінен жақсы деп ойлаймын. Бір жағы біреудің жұмысын жүргізесің, екіншіден елдер көп мағлұмат алады. Мен жаңадан ашылған дүкендердің жарнамасын жасағанды жақсы көремін. Жарнама құны еш құпия емес! Мысалы бір фото арқылы салынатын пост – 20 мың, ал видео пост түсіріп салу – 30 мың болса, «историс» - 5 мың теңге.

Қарашаш Есенбай: Осы жерде Сағынышқа сұрақ қояыншы. Сіздің күйеуіңіздің посттарынан әйелінің ұзын кигенін, орамал таққанын қалайтыны байқалады. Ал өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?

Сағыныш: (Күліп) үйленгенге дейін киетіннің бәрін кидім ғой. Енді осы кісінің айтқаны орынды. Байқаған шығарсыз, видеоларда қысқа нәрсе кимеймін. Алдағы уақытта ұзын киінуге тырысамын, киемін де.

Қарaшаш Есенбай: Әлеуметтік желілерде күйеуіңізді мақтап көбіне қыздар жазады. Қызғанасыз ба?

Сағыныш: Қызғанбаймын, керісінше қуанамын. Жүріп жүргенде қызғанатынмын (күліп).

Қарашаш Есенбай: Көп қойылатын сұрақтың бірі шығар. ата-енеңізбен тұрасыз, бәріне қалай үлгересіз?

Сағыныш: Иә, бұл сұрақты көп қояды. «Неге сағаттап инстаграмда отырасыз, ата-енеңіз үйде емес пе?» деп ақыл айтатындар да болады.

Қуандық: Шыны керек, анам қыз балаға дауыс көтерген емес. Әйелімді қызындай көреді. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Кейде әйеліме дауыс көтеріп сөйлесем, анам маған ұрсады. Анам ешнәрсеге қарсы емес. Вайндарымызға қолдау білдіріп отырды.

Қарашаш Есенбай: Вайнның кесірінен ұрсысып қалған кездер болды ма?

Қуандық: Жоқ, бірақ, кейде әйелім жағымсыз пікірлерге ашуланып қалатын кездер болады. Кейде инстаграм тұрмақ, уатсапқа хабарласып жататындар болады. Ондайда «мән берме, үндеме, қоя сал» деп түсіндіріп жатамын.

Қарашаш Есенбай: Болашақта ұл-қыздарыңыз болса, оларды да вайнға түсіресіз бе?

Қуандық: Әрине, алғашқы баламыз дүниеге келгенде вайнға, өнерге алып келуді армандаймын. Ең бірінші тәрбие, сосын өзім жетпеген дүниеге баламның жетуі үшін бәрін істеймін.

Қарашаш Есенбай: Қуандық, өзіңіз «Жайдарман» ойнап жүргенде танымал театрларға шақыру болды ма?

Қуандық: Иә, болды. "Тамаша" театрында Хамит Ердехандармен бірге ойнағанмын. Хамитті өзімнің ұстазым деп үнемі айтып жүремін. Ақыл-кеңесін үнемі айтып жүреді. Бірақ қазір «Тамаша» театры тоқтап қалды.

Қарашаш Есенбай: «Жайдарман» мен «КТА»-ның арасында түсініспейтін жайт бар сияқты. Өзіңіздің КТА ойнағаныңызға ренішін білдіргендер болған да шығар?

Қуандық: "Су ішкен құдығыңа түкірме" деген бар. Жайдарманның мен үшін орны бөлек. КТАны көп ойнамадым. Айта кетерлігі, КТАның аудиториясы кеңейді. Бұрын КТА жоқ кезде барлығы жайдарман көретін. Қазір КТАны көреді. Себебі, жұлдыздың команданың көбі КТАда жүр.

Ал КТА сахнасына шыққаныма реніш білдіргендер болды. Атын айтып, түсін түстемей-ақ қояйын. Бірақ адам бір орнында тұрмайды ғой. Көру керек, өсу керек.

Қарашаш Есенбай: Әрине! Мен де сіздерге шығармашылықта да, отбасылық өмірде де өсіп, көбеюлеріңізге тілектеспін.

Фото-видео жеке мұрағаттан.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ