"Махаббат үшін енемді де, елді де алдадым" - атышулы ЗАМИРА елден жасырған құпиясын айтты

0
8 946

"Мен деген адамдарға төсек қатынасын үйретіп жатқан жоқпын" дейді ол. Деседе, төсек айналасында сұрақ қойып, кеңес сұрайтындар бар екенін де жасырмады.


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

ЕСКЕРТУ: Материалды көшіріп басу тек редакцияның рұқсатымен ғана жүзеге асады.

"Қалаулым" арқылы елге танымал болған Замира Сұлтан десе көпшілік теріс пікірлер айтып, ат-тонын алып қашады. Қазақ қызына жат қылықтары бойында бар Замираның жұрттан жасырған қандай құпиялары бар? Әке мейірімінен ерте ажыраған келіншектің балалық шағы, бүгінгі бойында бар қасиетке қаншалықты әсер етті? Міне, ойда жүрген, көкейтесті сауалдардың жауабын Замираның өз ауызынан есту мақсатында хабарласқан болатынбыз.


- Қайырлы күн, Замира ханым! Қалыңыз қалай?

- Жақсымын.

- Сұхбатты сіздің сонау жас шағыңыздан бастасақ. Бала Замира қандай болды? Есте қаларлықтай бақытты балалық болды ма?

- Менің балалық шағым ата мен апамның қасында өтті. Әке-шешем ажырасып кеткеннен соң ол кісілер мені өз қолына алды. Ата-апам мені бетімнен қақпай, өте ерке етіп өсірді. Өте жақсы оқыған, тәртіпті қыз болдым. Алайда, ол тек атамның көзі кеткен күнге дейін ғана созылды. Атам мені көп нәрседен тиып отырды. Тіпті, таэквондо спортына барғанымда да биге барып жүрмін деп алдап баратынмын. Кейіннен біліп қойып әбден ұрысқан. «Қай қазақ қызы аяқ көтеріп нан тауып еді» деп ол спорттан аластатқан еді. Мұғалім ұнамаса сабақ та оқығым келмейтін. Мектепте мұғалімдер де маған сөйлей алмайтын, тіпті мектеп директорына дейін менен қорқатын еді. Себебі, бір жағдай болса анам барлығын орнына қойып келетін еді. Мені ешкімге ренжіткізбеген. Сондай қырсықтығым да болды. Мектепте де осындай атышулы қыз болғанмын. Жұрттың көз алдында болып, ең әдемі киімдерді де мен киетін едім. Ол кезде көпшілігінің жағдайы мәз болмады. Ал, бізде киімді бір киіп тастай беретіндей тоқшылық болды. Әкем жоқ болса да, анам ешбір әке жасай алмайтын әрекеттерді жасады деп айта аламын.

- «Қалаулымға» дейін немен айналыстыңыз? Жалпы, жоғары біліміңіз бар ма?

- Менің алғашқы мамандығым программист-оператор. Бірінші мамандықққа оқып жүргенде күйеуге тиіп, ол кезде аяғым ауыр болатын. Ал, ажырасқаннан соң үйдегілер программист болып жарытпайтынымды айтып, екінші мамандық алуға кеңес берді. Отбасымызда барлығы медицина саласындағы қызметкерлер, "ертеңгі күні өзіңе де керек болады" деп осы салаға да қинап түсірді. Сабақтарға да дұрыс қатыспағанмын. Мен өзімді жақсы білемін ғой, ешкімнің артын спиртпен сүртіп, ине салмайтынымды. Медик болып, бір жапырақ қағазды алып болған соң үйде отырып қалдым. Сонымен 29-ға келіп кәрі қыз болып қалдым. Сол уақытта "Қалаулымға" бардым. Бұрын фэйсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жұлдыз едім. 29 жасымда "Қалаулымға" бай іздеп бардым.

- «Қалаулым» бағдарламасының атышулы қатысушыларының бірісіз. Бірақ бағдарламадан бақытыңызды таба алмадыңыз. Өмірден таба алдыңыз ба?

- Иә, мен қазір тұрмыстамын. Күйеуім - Ұлы жүзден, руы - Дулат. Менен екі жас үлкен. Үйленіп ажырасқан, балалары жоқ. Бұрынғы әйелімен де азаматтық некеде тұрған, өзінен 6 жас үлкендігі бар. Ол әйелге де анасы қарсы болған. Негізі, қарапайым жан. Бірақ, мен азаматтық некеде тұрамын. Заңды некеге тұруға асықпаймын. Екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көріп қалдық. Енді Рамазан айына дейін некемізді қидыру ойымда бар. Ары қарай Заңды неке туралы ойланып көреміз.


- Неге азаматтық неке?... Әлде жолдасыңыздың талабы осындай ма?

- Тек жолдасымның емес, екеуміздің ортақ шешіміміз. Кейбіреулер азаматтық некені күнә деп жатады, қазақтарға жат нәрсе деп... Дәл осылай айтқан адамдарға қарсы айтар пікірім бар. Мен бірінші рет тұрмыс құрып жатқан жоқпын, пәк қыз емеспін ғой. Бірінші отбасымдағы жағдайларды тағы да қайталамас үшін осылай жасаймын. Балалы болмай тұрып, бір-бірімізді біліп алғанымыз дұрыс деп шештім. Мен жұрт ойлағандай күнә жасап жүрген жоқпын. Азаматтық некеде тұрмасам егерде, сыртта басқа еркекпен төсектес болып жүрер едім, мысалы. Жігітті ауыстырып, басқалар ұқсап әркіммен төсектес болып, былғанып жүрген жоқпын. Мен басқа адамдарға қарағанда мен тазамын деп айта аламын. Өйткені мен бір-ақ адаммен жатамын.

- Қазір «Замира» десе ел бірден таниды сізді. Мейлі жақтасын, жақтамасын жұртқа атыңыз мәлім. Танымалдылық сізді өзгерте алды ма?

- Танымалдылық маған пайдалы ешнәрсе алып келген жоқ деп айта аламын. Мен танымал болмай тұрып жігітпен танысуым оңай болатын еді. Қазір сол "Қалаулымнан" кейін қиындап кетті. Алайда бұрын аңқау болған екенмін. "Қалаулымға" барып мен өмір көрдім десем болады. Айналамдағы адамдардың бәріне бұрынғыдай сене бермейтін болдым. Үйден шықпай отырып қалған қыз осындай ортаға барып неше түрлі қатыгез адамдарды көрдім. Бетіңе күліп тұрып артыңнан пышақ сұғатындардың талайын көрдім. Мінезім сол қалпында, тек айналамдағыларға деген көзқарасымды өзгертті десем болады. Алайда, "Қалаулым" менің мінезімді, аузымнан шығатын сөздерді өзгерткісі келді. Аспан айналып жерге түсіп кетсе де менің мінезім өзгермейді.


- Төсек қатынасы туралы да ашық айтатыныңыз жұртқа жақпайды. Сонда да алған бетіңізден қайтпайтын сияқтысыз. Сонда сізді қаншама халықтың айтып отырған пікірлері мен ойлары қызықтырмай ма?

- Елдің көпшілігі менің әрекеттерімді құптамайтынын білемін. Мен ешнәрседен ұялмаймын, ешнәрсені жасырмаймын да. Мен сияқты өскендер көп, түрлі тағдырлар бар. Ата-апасының қолында тұрып секс жайында сұрауға қысылады. Сондайлардан шығады, тастанды балалар, әжетханада туатын қыздар. Менің осы төсек қатынасы туралы ашып айтатынымның арқасында көп қазақ қыздарына көмектестім десем де болады. Өз туыстарының үйіне барып, туыс ағалары зорлап жатқандар бар. Оны ешкімге айта алмайды. Бойжетіп енді тұрмыс құрар шағында өкініп жататын қазақ қыздары өте көп. Осы қиын жағдайларды болдырмас үшін, ашық айту керек мен сияқты. Ол табиғаттың заңдылығы ғой. Несін жасыратынын түсінбеймін.

- Сонда барлығы сіз секілді болуы керек деп ойлайсыз ба?

- Мен сияқты демеймін. Тек түсіну керек. Жас кезінен ашық айту керек. Үйінде мұндай сөздер ұят болады деп айтылмағанның кесірінен осындай жағдайлар орын алады. Мектеп жасындағы қыздар жазады маған. Мен олардың жазғандарын, мысал келтіріп халыққа көрсетіп отырамын. Үрімдей қыздарды ер баласы бар үйге тастамасын деп, мейлі, туысы болсын. Ең құрығанда бір қыздың өміріне көмектессем жақсы емес пе? Ел шулайтындай мен денемді ашып, төсекте жатқанымды көрсетіп жатқан жоқпын ғой.

- Көпшілік жекеңізге шығып сауалдар қоя ма? Төсек айналасынан басқа қандай сұрақтар қояды?

- Басқа ештең сұрамайды. Мен деген адамдарға төсек қатынасын үйретіп жатқан жоқпын. Айтпақшы, ол жағынан жазатындар да бар. Еркектің мүшесін қалай өсіру керек, қалай тарылту керек деген сияқты. Мен оны өзім жасап көрген жоқпын, әрине. Бірақ, интернеттен алып жекесіне жазып жіберемін. Осылай жұртқа пайдам тиіп жатыр.

- Кез-келген жерде, әсіресе ел алдында аузыңыздан балағат сөздер жиі шығып жатады? Қанға сіңген тәрбие ме?

- Боқтық сөздерді айтамын. Дұшпандарым көп менің, олар маған неше түрлі сөздер айтады. Бір-екі рет үндемеймін, үшінші рет шыдап тұра алмаймын. Мені жақтайтындар да бар. Мен өтірік маска киіп жүрген жоқпын. "Қалаулымда" отыр ғой ішпейтін, шекпейтін қыздар ұқсап, енемнің аяғын жуамын деп өтірік мүләйімсігендер өмірде өтірік подписчик жинап, конкурс жариялап. Оларға қанша жігіттер келді, жақсы болса неге соларды алмайды деймін де... Менің айтпағым, мен қандай барымды бағалайтын адамдар аз болса да бар. Бұл тәрбие ме, білмеймін. Мен қалай бармын, солай қаламын.


- Теріс қылықтарыңыз үшін таяқ жеген күндеріңіз болды ма? Немесе күш көрсетулер, қорқытулар деген сияқты жағдайлар орын алды ма?

- Қаншама адамдар пікір жазады.Телефонның арғы жағында отырып алып ауыздарына келгендерін айтып отырады. «Көрген кезде басыңды жарамын», «басқа жеріңді айырамын» деген сияқты пікір қалдырған адамдардың біреуі де менің бетіме келіп айтқан емес. "Еркектерді «ез» дедің, «көкпар шаба алмайтындар еркек емес» деп айттың" деп мені ұрғысы келгендер олар, мына пластмассаның артында отырған тряпкалар. Ешкім менің бетіме келіп айтқан емес, айта алмайды да. Қолдары жыбырлап жазатын, сол геройлар қайда?

- «Қалаулымның» эфирінде аяғыңыз ауыр екенін айттыңыз. Жүктілік қалай өтіп жатыр?

- Осы жөнінде өзім де айтайын деп жүр едім. Сұрағаныңыз жақсы болды. Бүкіл елге жүкті екенімді айтқанмын. Бірақ менің аяғым ауыр емес. Менің жігітімнің мені әйел етіп алуға анасы қарсы. Мен сияқты келінді қаламады. Содан мен жүктілікті ойдан құрап алдым. Соны естігеннен кейін біраз қарсылығын қойды. Жүктімін деп айтып жүргеніме төрт айдан асып кетті. Ішім шығатын уақыт болды. Енемді алдап кетуге тура келді. Біраз уақыт бұрын "Қалаулымға" барғанда да біраз өтірік екіқабат болып отыруыма тура келді. Содан кейін соңғы эфирлерде күйеуім де келетін болған, сосын екеуміз бірге бұл жоспарымызды айтатын болғанбыз. Махаббат үшін жасадық деп. Мен енемді алдайын деген ойым болған жоқ деп айтайын десем жігітім келмей қалды. Содан өзімнің жалғыз айтуға дәтім шыдамады. Махаббат үшін енемді де, елді де алдадым. Балалы болу әзірге ойда жоқ. Некеге отырамыз, содан кейін болып қалар.

- Бұрынғы жолдасыңыз бен балаларыңызбен хабарласып тұрасыз ба?

- Бұрынғы күйеуіммен анда-санда хабарласып тұратынбыз. Қазір араласпаймыз. Негізі, бұрынғы күйеуім мен қазіргісі екеуі ескі достар, ортақ таныстары да көп. Ал балаларыммен телефон арқылы сөйлесеміз, үйге келіп тұрады.

- Ашық әңгімеңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ