Рысдаулетовтер отбасылық ансамблі: "Кенжеміз сахнада "бүлдіріп" қойып, халық күлкіге қарық болған"

0
2 993

Бір үйдің бес бірдей қыраны бір кемеде6 әке салып берген сара жолмен келе жатыр.


Рысдаулетовтер отбасылық ансамблі:

"Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ" деп жатады. Алайда, бұл Рысдәулетовтер отбасына қатысты емес сыңайлы. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дарыған талантты Серік ағамыз бен Аманкүл анамыздың атұстарлары, бір ортаға тоғыстырып келеді. Бір үйден түлеген, бес ұл бүгінде бір кемеде. Ертеректе әкесі құрған бастаманың жалғасы, бүгінгі буынның қандай айтар қызықтары бар екен. Өздерімен сұхбаттасып көрейік деп шештік.

- Танысудан бастайық. Өркен, Еркін, Нұржан, Ерлан және кенжелеріңіз Ақтөре. Бұл - Рысдәулетовтер отбасы. Квинтттің аты үкен ұлдың атына қойылған болды ғой?

- Иә.

"Өркен" ансамблінің құрылуы кімнің идеясы?

- Ансамбль әкеміздің бастамасымен құрылған болатын. 1998 жылы әкеміз бізді өнер деген қайнап тұрған айдынға алып келді. Әрине, ол кезде барлығымыз жаспыз. Ақтөре мен Ерланның әлі мектепке де бармаған кезі ғой. Көптеген концерттерге қатысып шыңдалдық, байқауларда бақ сынадық. Жеңістің ащысын татып, тәтті дәміне қуана білдік. Содан бері өнер көшінде кемемізді сүйреп келеміз.

- Кемені жай сүйреу бар, ал оны бауырларыңмен бірге сүйреу бір басқа шығар. Жалпы үйде неше ағайындысыздар? Әкеңіз бен анаңыз туралы айтып беріңіздерші?

- Дұрыс айтасыз. Бауырларме бір кемеде жүру сырттай оңай болып көрінгенімен, көпшілік ойлағандай жеңіл бола бермейді. Үйде бірлігі жарасқан бесеуміз. Бұл бірлігіміз біздің ата-анамыз берген тағлымды тәрбисінен де шығар. Әкеміз - музыкант. Жоғарыда айтып кеткендей, осы жобаның авторы. Басында өзі де солист болған. Бүгінгі таңда "Манкент" шипажайында мәдениет қызметкері болып жұмыс істейді. Анамыз үйде. Бес баласы, жолдасы, тек музыканттарды тәрбиелеп, бізді баптап отырады. Қай уақытта болмасын бізге жігер, мотивация беріп отырды. Содан да болар сонау өткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап, бүгінге дейін ансамбльдің қылауы түскен жоқ.

- Әкелеріңіз музыкант, демек, қыр-сырын жетік біледі. Сіздерді қаншалықты қамшылап отырады?

- Әрине, осы саланың майын ішкен адам ғой. Барлығымен жіті таныс, біліп жүреді. Аға буын болғандықтан жиырма бірінші ғасырдың кейбір жаңашылдығынан әкеміз хабарсыз деп айта алмаймыз. Жаңашылдықты қолдайтын жан десек те болады. Әрдайым қамшылап отырмаса да, біліп бағамдап, бақылап отырады.

- Бір сөздеріңізде жеңіс деп қалдыңыз. Байқауларға қатысып көрген болдыңыздар ғой.

- Иә, сол құрылғаннан бастап көптеген байқауларда бағымызды сынадық. Ең алғашқысы, естен кетпейді ғой. Облыстық отбасылық ансамбльдердің байқауында бас бәйгені еншілеген болатынбыз. Сол сияқты отбасылық ән сайыстрынан жүлдемен оралып жүрдік. 2010 жылда бес ағайындымен бір квинтет болайық деп шешім шығарды. Бұл құраммен де Шәмші әндерінің байқауына, "Арай" байқауына қатысып өнер көрсеткен жайымыз бар.

- Сахнадағы естен кетпес оқиғаның бірін еске түсірсек?

- Енді сахнада жүргеннен кейін, көпшілік алдында болғаннан соң қызықты жайттар көп болып тұрады. Сол кезде бір ерсі көрінген нәрсе, кейін келе қызыққа толы бір тарихқа айналады.

Кішкентай кезімізде гастрольдік сапарларға көп шығып жүретінбіз. Әсіресе, ауылды жерлерге. Ол кезде ең кішкентайымыз Ақтөре небәрі 5 жаста. Жас бала болған соң шаршайды, жол қинайды дегендей. Сол жоспар бойынша Ақтөре басында бір ән айтады, соңында бір қысқаша күлдіргі көрініске қатысуы керек болатын. Екінші шығуына дейін ұйықтап қалып, оны ояттық. Ұйқылы-ояу кішкентай баланы сахнаға, қаншама көрерменнің алдына шығарған. Ол өзін тосуға тұрғызған екен деп ойлап, дәл сахнаның ортасында дәрет сындырып, адамдарға қарап шаптырып қойған кезі болатын.

Халық күлкіге қарық болды. Ол кезде қиындау кезең еді. Концертке кіруге ақшалары болмай заттай алып келетін. Жұмыртқа, басқа да заттар. Сол Ақтөренің қылығын көрген ақшамыз жоқ деген халық сахнадағы кішкентайға ақша қыстырып, қылығына риза болып кетті. Бүгінде сол жігіт 25 жаста.

- Қандай ақын, сазгерлермен жұмыс жасайсыздар?

- Енді қатып қалған қағида жоқ. Қалдыбек Құрманәлі, Нышан Төлегенов, Қанат Қалтаев сынды облысқа, елге аты шыққан сазгерлермен, Мерген Тоқсанбай, Алмас Темірбай, Құрманай Бақтиярқызы сияқты сазгерлермен жұмыс жасадық. Әлі де жасай береміз. Жақсы әндерге ұсыныс болып жатса, келісіп, шешім шығарып қабылдай береміз. Репертуарымызда 20-дан аса ән бар. Әзірге бір ғана бейнебаян, болашақта тағы түсіру жоспарда бар.

- Музыкалық арнайы білім алдыңыздар ма?

- Жоқ. Бір үйдің бес бірдей баласын оқыту кішкене қиындау. Бесеудің екеуінде музыкант екенін растайтын құжат бар. Екі кішкентай оқыды. Ерлан вокалда, ал Ақтөре саксафонда білім алды. Біздің оқуға мүмкіндігіміз болмады. Одан кем болып қалған жоқпыз, әрине. Атаның қаны мен ананың сүті тұрғанда құжаттың қажеттілігі шамалы ғой.

- Бүгінгі әншілердің күнкөрісі - той бизнесі. Сіздерде қалай?

- Дұрыс айтасыз. Той - нәпақа табар күнкөріс көзі қазіргі әншілердің. Той болған жақсы, ол жерде ұят ешнәрсесі жоқ. Ел тыңдайды, билейді көңіл көтеріп кетеді. Қазақ әншілеріне тойға шығуына тыйым салатындай жағдай болып қалса, біздің тойшыл қазақ шетелден шақырудан да танбайды. Сондықтан қазақша әндер, қазақ әндері тойларда шырқалғанда тұрған ештеңе жоқ деп білеміз.

- Сұхбат бергендеріңізге рахмет. Шығармашылық шабыт тілейміз!

Әңгімелескен: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ