«Жиі сыйлық сыйлайды»: Айнұр Тұрсынбаеваның келінімен сұхбат

0
5 135

«Өте жақсы ене»


«Жиі сыйлық сыйлайды»: Айнұр Тұрсынбаеваның келінімен сұхбат

Белгілі айтыскер ақын, мотиватор Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан Мадина атты ақ құсын қолына қондырып, Стамбул қаласында мұсылманша неке қию рәсімін өткізген болатын. Бұл қуанышты жаңалықты ақынның өзі әлеуметтік желіде бөлісіп, ерекше толқып, толқынысын жеткізген еді. Енді бұйыртса, екі аптадан кейін екі жастың тойлары өтетіні белгілі болыпты. Қыз ұзату Нұр-Сұлтанда, үлкен той Стамбулда болмақ.

Осы орайда «Айнұр Тұрсынбаева қандай ене?» деген сауалдың да жылт ете қалатыны жасырын емес. Бұл сұраққа жауапты айтыскердің келіні Мадина Жаниева жауап берсін.


– Орамал құтты болсын! Келін болып, қандай әсерде жүрсің?

– Рахмет! Өте жақсы, бақыттымын, қуаныштымын.


– Той қашан?

– Қыз ұзату 2 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда, үлкен той 12-сіне Стамбулда өтеді, бұйыртса.


– Сырға салынды ма?

– Жоқ, 2 қыркүйекте салынады.



– Бекланмен қалай таныстыңдар?

– Біз екеуміз 11 сыныпта бір мектепте оқыдық.


– Ол сені қандай мінезімен баурап алды?

– Өте көңілді жүреді. Мейірімді. Біз басында дос болдық, 3 жылдан кейін жұп құрдық.


– Заңды неке қиылды ма?

– Иә.


– Құпия болмаса, қайсы фамилияда қалдың?

– Ол әлі құпия.


– Үлкен тойға қанша күн қалды?

– 2 апта қалды.


– Толқыныс бар ма?

– Аса уайым жоқ. Өз таңдауыма сенімдімін. Аз ғана толқыныс бар.


– Той көйлегі дайын ба?

– Той көйлегі дайын емес, оны Стамбулдан аламыз.



– Айнұр Тұрсынбаева қандай ене?

– Өте жақсы ене. Маған деген көзқарасы да жақсы. Ылғи жағдайымды сұрап отырады. Жиі сыйлық сыйлайды. Бізді әрдайым құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алады.


Қазір қайда тұрасыңдар?

– Беклан екеуміз Алматыда тұрамыз.


– Үйде қанша ағайындысыңдар?

– Үйде төрт бала. Екі інім, бір сіңлім бар.