​8 түрлі ӘДЕТ әйелді ӨЗГЕДЕН де СҰЛУ ЕТЕДІ

0
6 721

Осы әдеттер бойыңызда бар ма?


​8 түрлі ӘДЕТ әйелді ӨЗГЕДЕН де СҰЛУ ЕТЕДІ

Әрбір адам өмірге келген сәттен бастап, өз-өзіне сенімді, өзіне деген бағасы жоғары бола бермейді. Оған айналасындағы адамдар, ата-анасы, туған-туысы, балабақша, мектеп секілді өмірдің әр кезеңіндегі ортасы қалыптастырады.

Ал адам өзін өзі жетілдіріп, алға ұмтылу, өзінің бағасын жоғарылату үшін еңбектенеді, өмір сүреді.

Егер сіз күнделікті МЫНА 8 түрлі әдетті жаныызға серік еткен болсаңыз, өз-өзіңізді жоғары деңгейде бағалайсыз және оны айналаңыздағыларға дәлелдей аласыз.


1.Алдымен «ӨЗІМ» дейді

Бұны өзімшілдікпен шатастырмаңыз. Әйел болғандықтан, алдымен күйеудің, одан кейін балалардың, қала берсе ағайын-туыстың, ата-ененің жағдайын жасап, солар үшін өмір сүру, өзгелердің көңілінен шығу үшін жанталасамыз көпшілігіміз.

Бірақ бақытты болу үшін алдымен өзінің қамын ойлайды, өзі бақытты болғанда ғана айналасындағы адамдар, отбасы, балалары бақытты болатынын жақсы білетіндер.


2.Өзгені кірістірмейді, өзі шешеді

Алдына қойған мақсатының айқын екендігіне толықтай көзі жетеді. Қай жолмен, қалай жету керектігін де алдын ала кесіп-пішіп алады. Өйткені өз өміріне тек қана өзі жауапты екенін біледі.


3.Тыйым сала біледі

Өзін құрметтейтіне әйел өзінің жақсы өмір сүруіне кедергі болатын адамдарға шектеу қоя алады. Ол өзін өзі қамтамасыз етумен қатар, өзін өзі қорғай алады. Жүрегінің үніне құлақ асып, жүйкесін де сақтайды.


4.Өміріндегі маңызды адамдарды өзі таңдайды

Яғни, «енемнің құрбысы», «жолдасымның қимас досы», «қайынәпкемнің ақшасы мол танысы» деп қарамайды ешкімге. Тек қана өзі ол адамдардың ортасында өзін жайлы, еркін сезінсе ғана таныстықты жалғастырып, өз өміріне «енгізеді».

5.Өзін сыйлата біледі

Сыйластық - бұл талқыланбайтын мәселе. Өзіне сыйластық танытпайтын адаммен өзін өзі құрметтейтін, бағалайтын әйел бірден қарым-қатынасты тоқтата алады. Өйткені сыйластық қарым-қатынаста көп мәселені шеше алатынын жақсы түсінеді.


6.Тек өзіне ғана сенеді

Кейде қиын мәселемен бетпе-бет келу адамның жалғыз өзіне тиесілі болады. Сондай кезде ешкім көмектесе алмайтын сәтте өз-өзін бұл тығырықтан алып шыға алады. Өйткені ол өз-өзіне сенеді. Өмірінің қандай боларын әр адам өзі ғана біледі. Тағдырын өзі ғана шеше алатындығын жақсы біледі.


7.Қателессе өзін кешіре біледі

Қателік жасау - әрбір адамның басынан өтетін құбылыс. Сондықтан, кешірілмейтін, қайта орнына келмейтін ауыр қателіктер болмаса, оны кешіруге болады. Тек қана сол қателіктен болашақ өміріне лайықты сабақ ала біледі. Қателік жасаудан қорықпайды, есесіне, екінші рет бір қателікті қайталамауға барынша тырысады.


8.Қай кезде «ЖОҚ» деуді біледі

«Жоқ деме, жоғаласың» деген тәрбие алып өссе де, кейде барлығының көңіліне қарап, «жоқ» деп айта алмай, кейін өзі қиналатынын білетін әйел керек жерінде мұны да айта біледі. Тойтарыс беруден қорықпау, елдің сөзіне қатты мән бермеу, ағысқа қарсы жүзіп, өзінің қалауынан бас тартпау өз бағасын білетін әйелдің бір сипаты. Олар қажет кезінде «жоқ» деп айту күш-қуаттың белгісі деп санайды.


Міне, осы сегіз сипат сіздің бойыңыздан табылса, демек сіздің өз-өзіңізге деген сеніміңіз мол. Ал өзіңізге деген сенім өз-өзіңізді бағалауыңызды арттырады.

БАҒАңызды білсеңіз, демек СІЗ СҰЛУ ӘЙЕЛСІЗ!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КУШОНның ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ


Суық мезгілде теріні күтудің 5 ЕРЕЖЕсі