​ӘДЕМІ БОЛУ ҮШІН күнделікті 15 МИНУТ ЖЕТЕДІ

0
2 584

Ерінбесеңіз, сұлу қалпыңызды ұзақ уақыт сақтай аласыз!


​ӘДЕМІ БОЛУ ҮШІН күнделікті 15 МИНУТ ЖЕТЕДІ

фото: m.italian.alibaba.com

Біз, әйелдер әрдайым әдемі әрі жас көрінуді қалаймыз. Мәліметтерге сүйенсек су, көк шай, сүт өнімдері, көкөністер, сарымсақ және шоколад жастық қалыпты ұзағырақ сақтайды.

Демек, жас қалпын ұзақ уақыт сақтағысы келген әйелдің күнделікті тамақтану тәртібі осы аталған өнімдермен толығу керек. Десек те жас көріну үшін тамақтану тәртібінің өзі аздық етеді. Сондықтан, күнделікті күтімді де ұмыт қалдырмау керек. Ал, бұл күтімді жасау үшін 15 минут жеткілікті.

Ол үшін әрине, косметологтың кеңесіне жүгінгеніңіз өзіңіз үшін қауіпсіз әрі тиімді болмақ.


Әжімдерге қарсы сұйықтық

1 ас қасық алма сіркесуын ½ стакан сәбіз шырынымен араластырыңыз. Дайын болған қоспаны дер кезінде бетіңізге жағасыз. Осы қоспамен күн сайын 2 мезгіл, таңертең және кешке мақта дискісін батырып, сүртіп тұрыңыз. Осы әрекетті үзбей, уақытымен атқарып тұрсаңыз, бетіңіздің терісі тартылып, әжімдер де тегістеле бастағанына көз жеткізесіз.



фото:clever-lady.ru

Балды маска

2 ас қасық балды 1 ас қасық сұлы жармасы және 2 шай қасық сүтпен араластырыңыз. Дайын болған масканы 15-20 минутқа бетіңізге жағып қойыңыз. Содан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска «тозған теріні» «жаңартады». Есте сақтаңыз, балға аллергиясы бар адамдар сақтықпен қолданғаны жөн немесе бұл масканың басқа түрлерін қолданыңыздар.


Айран маскасы

100-200 мл майлы айранды 15-20 минут көлемінде бетіңізге бірнеше рет жағыңыз. Кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Мұндай маска бетіңізді сәбидің терісіндей жұмсақ етуден бөлек, жүзіңізді ағартып, түрлі дақтардан арылтуға көмектеседі.


БАНАН да көп көмектеседі

1 дана орташа бананды қабығынан аршып алған соң, ыңғайлы ыдысқа салып, қасықпен езіңіз. 1 шай қасық нәрлендіргіш крем, 1 шай қасық зәйтүн майы және 0,5 шай қасық лимон сөлін қосып жақсылап араластырыңыз. Дайын болған бұл масканы бетіңізге жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз.

Соңынан жылы сумен жуып тастайсыз.


Сүзбелі маска

2 ас қасық сүзбе, 2 ас қасық сәбіз шырыны, 2 ас қасық зәйтүн майы және осынша көлемде сүтті жақсылап араластырыңыз. Біркелкі массаға енуі керек. Егер маска сізге көп болады немесе аз болады деп ойласаңыз, қалауыңызша, азайтып немесе көбейте аласыз. Тек қана қоспалардың барлығы теңдей мөлшерде алынуы керек. Дайын болған ботқа тәрізді массаны бетіңізге бірнеше қабаттап, қалың етіп жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.


Сұлы жармасы

3-4 ас қасық сұлы жармасына 0,5 стакан қайнап тұрған сүтті құйып, оның жылы күйге келгенін күтіңіз. Жақсылап араластырып, жылы күйінде бетіңізге жағып, 15-20 минуттан соң жуып тастаңыз. Бұл маска құрғақ және әртүрлі дақтары бар бет терісі үшін керемет көмектеседі.

Бұл маскалардың ерекшелігі, барлығында да сол мезетте дайындалып, сол мезетте қолданылатындығында. Бар-жоғы 15 минутыңызды өзіңізге қисаңыз, сіз ең ӘДЕМІ бикешке айналасыз!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МЫНА 10 кеңесті әдетке айналдырсаңыз, ҚАРТАЙМАЙСЫЗ


КОЛЛАГЕНДІ КРЕМ жасарта ма?