​Әйелдердегі бір проблема: «МҰРТТЫ» лимонмен "кетіруге" болады

0
6 239

Алдымен қалай құтылуға болатын бірнеше әдісін оқып алыңыз.


​Әйелдердегі бір проблема: «МҰРТТЫ» лимонмен

Әйелдерде көзге ерсілеу көрінетін "мұрттың", яғни, еріннің үстіндегі қарайған түктің неден пайда болатындығының себебін анықтайық.


Бұл әрбір әйелде бар, жаратылыс солай. Себебі, бұл түктер негізінен қорғаныс қызметін атқарды және дененің терморегуляциясын қалыпқа келтіреді. Кейбір әйелдерде ол түк әрең байқалады немесе керісінше. Әр әйелдің табиғи жаратылысына байланысты, шашының түсі мен тығыздығына байланысты еріннің үстіндегі түк те солай.


Бұл генетикалық, тұқымқуалаушылық көрінісі болуы мүмкін. Бірақ әйелдегі «мұрттың» көзге айқын көрініп тұруы генетикалық жағдайға байланысты болмаса, яғни, анасы мен әжесінде, апаларында «мұрт» болмаса, онда ол әйелдің ағзасындағы гормондық бұзылыстарға байланысты болмақ.

Қандай жағдай болса да «мұртты» өткір алмаспен қырып тастауға асықпаңыз. Өйткені медициналық тексеруден өткен соң, мүмкін дәрі-дәрмектердің көмегімен жағымсыз көріністен құтылудың жолын таба аласыз.


Тональді крем немесе ерінге далап жаққан кезде бұл түктер айқын көрінеді. Сондықтан косметолог мамандары бұл жағдайдың шешімін табу үшін бірнеше әдістерді қолданды.


1.Электроэпиляция. Бұл процедура ауыртпалықсыз өтеді деуге келмейді, өйткені әлсіз ток арнайы жабдықтың көмегімен түктердің тамырына әсер ете бастайды. Екі минут ішінде тек бір тал «мұрт» өңделеді.

Сондықтан, «мұртты» толығымен жою үшін бірнеше сессиядан өту керек.


2. Фотоэпиляция. «Мұрттан» құтылудың бұл әдісі өте тиімді және ұзақ уақытқа жетеді. Сеанс 5-10 минут ішінде аяқталады. Процедураның көптеген қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан шешімді қабылдамас бұрын маманмен кеңесу керек.


3. Лазерлік кетіру. Бұл әдіс «қажетсіз мұрттан» біржола құтқара алады, өйткені лазер сәулесі түктердің фолликуласына соншалықты зиянды, сондықтан оны болашақта қалпына келуі мүмкін емес.

Түбегейлі жойып тастаймын десеңіз, лазерлік әдіске жүгінуіңізге тура келеді. Дегенмен, оның ағзаға зиянды тұстарын да ескергеніңіз жөн.


Ал үй жағдайында жасауға болатын әдістердің де түрлеріне тоқталайық. Көптеген әйелдер үшін сұлулық салондарына баруға уақыт немесе қаражат жетпеуі мүмкін немесе бұл шаршататын процесс болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда оны үйде жасауға болады.


Жұлу

Өте кең таралған және бюджеттік нұсқа, өйткені бұл үшін әр шаштан бөлек құтылу үшін пинцетті шебер пайдалану керек. Процедураның кемшіліктері ұзақтығы, еріннің үстіндегі қызару және ауырсыну сезімдерінен тұрады.


Түссіздендіру

Егер түкті біртіндеп жұлып отыруды ұнатпайтын болсаңыз, онда оларды жеңілдетудің бірнеше қарапайым әдісі бар:

* бояу;

* лимон шырыны;

* сутегі асқын тотығы.

Салонда ерін үстіне өскен түкті арнайы бояумен боята аласыз, үй жағдайында да солай, арнайы бояуыңыз болса болғаны.

Күн сайын үйде, бос уақыттарыңызда «мұрт» өскен жердің үстіне лимон тілімін салып жатыңыз, нәтижесінде күн астына шықсаңыз «мұртыңыз» көрінбейтін болады. Сутегі асқын тотығын теріге қолданған кезде де түктер тез түсін жоғалта бастайды және ол қайта қараймайды.

фото: la-network.org

Жіппен алып тастау

Тридинг-түктерді кетірудің арнайы процедурасы. Негізінен ол Шығыс елдерінен келді және Еуропада танымал болды.

Тридинг- түктерді оңай алып тастауға мүмкіндік береді. Оның да өз әдісі бар. Біріншіден, кәдімгі тігіс тігетін, мақта жібін шамамен 20 см кесіп алып, ұштарын біріктіріп байлаңыз. Әрі қарай, оны саусақтардың айналасына тіктөртбұрыш пішінімен байлап, жіпті 6-7 рет бұраңыз. Нәтижесінде сегізге ұқсайтын фигура болуы керек.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖҮЗІМ мен БАНАН: ЖАЗДА дәрумендерді СҰЛУЛЫҚҚА пайдаланып қалыңыз

Көз айналасындағы ӘЖІМді ОҢАЙ әрі ТЕЗ КЕТІРЕТІН әдіс