Әйелді әдемі ететін - ЖАУЛЫҒЫ: Орамалды сәндеп тағудың құпиясы неде? (видео)

0
8 405

Бүгінде трендке айналған орамал қазақтың сұлуларын келбетін келістіріп, қазақилығын сақтап тұрғандай көрінеді. Ал, дәл осы жаулықты байлаудың түрлі әдістері де бар екен.


Әйелді әдемі ететін - ЖАУЛЫҒЫ: Орамалды сәндеп тағудың құпиясы неде? (видео)

Адам көркі - шүберек. Ал, жаны нәзік, болмысы ерек әйелдер қауымы орамал тақса ажарын одан сайын аша түсері анық. Қазақылығымызды айшықтап, ұлттық тәрбиемізді айқындайтын орамал тағу бүгінде трендте. Жылдың төрт мезгілінде де сәннен қалмайтын жаулықты келбетіңізге келісті етіп жиын-тойларға да тағып барсаңыз болады.

Осындай орамалдар мен "тюрбандарды" таңдауда қателеспеудің жолы қандай? Басынан жаулығы үзілмейтіндер мен сән қуып, өзгеше имиджді қалайтындар үшін түрлі кеңестер ұсынамыз.


Үстіңізге киген киімнің түсіне аса мән беріңіз

Егер бір түсті киінген болсаңыз, орамалдың түстес болуы шарт емес. Тек, көйлек түсіне сай өрнектері болса болғаны. Бұл әдіс сізді сәнді әрі талғампаз көрсетеді. Ал, гүлді немесе түрлі түсті көйлекке біртүсті орамалды таңдағаныңыз дұрыс. Екі немесе одан да көп орамалдарды қосарлатып тақсаңыз да сәнді көрінеді.


Жаулықты мықтап байлау - өзіңізге деген сенімді арттырады

Кез келген орамалдың басыңызға қона қалуы мүмкін дүние емес. Сусылдап түсіп кететін жаулықтан айналып өтіңіз. Мақтадан жасалған бұйымдарды байлау - те оңай әрі сенімді. Ал, жібек матадан сондай-ақ, шифон матадан жасалған жаулықтың астынан түсіп кетуден сақтайтын арнайы "бони" (кей жерлерде "бөне") тағуға тура келеді. Оны кез-келген орамал дүкендерінен таба аласыз.


Орамалды сәндеп тағу да өнер

Басыңыздың формасы мен шашыңыздың ұзындығы да орамал таққанда үлкен рөл атқарады. Шашыңыз жұқа әрі қысқа болса, арнайы резіңкені пайдаланыңыз. Орамал тағудың қай әдісі болмасын, арнайы таптырмас құрал. Сонымен қатар, жиын тойларға барарда орамалыңызға кішігірім ілгектер мен абадоктарды пайдалануға болады. Дегенмен де түсі мен көлеміне аса мән беріңіз.


Орамал тағудың қанша әдісін білесіз?

Орамалды басыңызға жауып, бір байлам жасай салу оңай. Дегенмен, тағу тәсілдері мен түрлері өте көп. Айқастыра орау, міңгестіріп орау, көлбеу орау, шығыс орауы тағы да басқа әдістері бар. Қиялыңыздың ұшқырлығымен ерекше тәсіл табамын десеңіз де ешкім жоқ демейді.

Назарларыңызға ерекше орамал байлау тәсілдерін ұсынамыз.