Әр ЕР АЗАМАТ білуі керек: Шаш үлгісін таңдауда қатлестірмейтін КЕҢЕСТЕР

0
4 784

Өзіңізге қандай шаш үлгісінің жарасымды боларын анықтай алмай жүрген болсаңыз


Әр ЕР АЗАМАТ білуі керек: Шаш үлгісін таңдауда қатлестірмейтін КЕҢЕСТЕР

Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Ер азаматтардың сымбаттылығын кіргізіп тұратын шаш үлгісі. Байқасаңыздар, кез –келген ер жігіт өз шаш үлгісін тақырлап немесе қысқартып тастаса, басқа адамға айналғандай өзгереді. Сондақтан, шаш үлгісін таңдарда бастың формасына қарап жасау керек. Сізге қандай шаш үлгісін қою жарасатынын шеберлер ойланбастан айтып береі сөзсіз. Дегенімен де, өзіңіз қалай жасау қажеттігін ойланып жүруіңіз де бек мүмкін.

Ол үшін басыңыздың қай типке жататынын анықтап алыңыз

Сопақша

Ең тартымды көрінетін бас формасы – сопақша. Бұл типтегі жандарға көптеген шаш үлгілері жараса кетеді. Көбіне классикалық үлгіні таңдау керек. Екі құлақтың үстіңгі жағы төбесіне қарағанда қысқа болса жақсы жарасады.

Сопақша басқа келесі шаш үлгілері сай деп табылады:

«Адеркат»

«Бокс» или «Полубокс»

«Канадка»

Кекілді шаштар


Бас формаңыз дөңгелек болса.

Бұл типке жататын ер азаматтар шашының төбе тұсын үнемі көтеріңкі ұстаса, сопақша болып көрініп, сымбаттылығын арттыра түседі. Шашыңызды өсіріп, мейілінше ұзын етіп жүру жараспайды. Маңдай тұсыңыз жалпақ болса ғана кекіл қоюға болады.

Дөңгелек басқа арналған шаш үлгілері:

«Британка»

«Канадка»

«Квифф»


Төрт бұрышты форма

Егерде басыңыз осы пішінге жататын болса, сізге жайлы болады деген сөз. Түрлі стильдегі шаш үлгілерін тәжербиеден өткізсеңіз болады. Көбіне классикалық үлгілер келеді. Және де құлақты жауып тұратын шаш ұзындығы да дәл сізге лайықты. Тек, көбіне артқа қарай тарап жүрер болсаңыз, керемет үйлеседі.

Төрт бұрышты бас формасы бар ер жігіттерге мынадай шаш үлгілері сай келеді:

Төбесі кірпі тәрізді

50х60 жылдардағы классика


Басыңыздың формасы үшбұрышқа ұқсаса

Үш бұрыш тәрізді бет формасына толқынды шаштар жарасымды көрінеді. Бір жағына қарай ашылуы, бет пішініңіздің әр қырын анақтап көрсетеді. Құлағыңыздың үстіңгі жағы аса үлкен болмауын қадағаласаңыз болды.


Басыңыз жүрекше тәріздес болса

Жүрек тәріздес формада жоғарыдағы үлгіге қатты ұқсас. Бұл пішінгеқысқа шаштардан, ұзын толқынды шаштар көбірек жарасымды. Ал, қысқа шашты қалайтын болсаңыз, екі жанын қатты қысқа етіп тастасаңыз болады. Ал, жоғарғы бөлігін қалауыңызға қайырып алыңыз.


Қай шаш үлгісін таңдасаңыз да өзіңізге лайықты, жарасымдысына тоқталыңыз. Сәнгерер ер азаматтардың шаш үлгісін жиі ауыстырып тұруына кеңес береді.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі