АС СОДАСЫнан жасалған маска беттегі ПИГМЕНТТІ ДАҚТАРДЫ кетіреді

0
27 057

Міне, тағы да 2-3 аптадан соң күн көзі жылынып көктем келеді. Көктем мезгілін ұнатпайтындар да бар. Олар көктем айларында бет терісінде пигментті дақтар пайда болатын сұлулар. Бұл мәселеден қорқып жүре бермей, шындап күресу керек. Қалай?


АС СОДАСЫнан жасалған маска беттегі ПИГМЕНТТІ ДАҚТАРДЫ кетіреді

Фото: thewikihow.com

Бет терісіндегі пигментті қара дақтардан біржолата құтылу үшін, «Теріні тазалау+Тері иммунитетін көтеру+Теріге арналған диета» әдісін қолдану керек. Бұл комплексті емдеу тәсілі небәрі ҮШ-ақ ҚАДАМнан тұрады. Иә, кез келген мәселемен комплексті түрде күрескенде ғана нәтиже болады.


1-ҚАДАМ: бет терісін терең тазалау

Фото: kadda.ru

Байқасаңыз, пигментті дақтар әсіресе майлы бет терісінде жиі пайда болады. Неге? Бет терісі майлы болғандықтан, оған қонған шаң, кір терең тазаланбаса, теріні бүлдіріп, ол пигменті дақтың пайда болуына себеп болады. Сондықтан майлы бет терісіне ерекше күтім қажет.

Ас содасынан маска әзірлеу үшін мынандай қарапайым әдісті қолдануға болады. 0,5 шай қасық ас содасын алақаныңызға салып, 2-3 тамшы су тамызып езесіз. Ботқа тәріздес болған қоспаны бет терісіне тегістеп жағасыз да, 10 минуттан соң алдымен скраб ретінде оны жеңіл уқалайсыз. Содан соң жылы сумен жуасыз. Бет терісін ас содасымен терең тазалаудан бұрын теріні су буына бірер минут булап жұмсартып алуды ұмытпаңыз.

Немесе 2 ас қасық ұнға 1 шай қасық ас содасын қосып, шамалап ыстық су құя отырып араластырыңыз. Қою қаймақ сияқты болған қоспаны бет терісіне жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуу керек. Соңынан 2-ҚАДАМды жасаңыз.

Есте ұстаңыз: Бұл бет тазарту маскасын аптасына бір-ақ рет қолданған жөн, одан жиі қолдансаңыз бетіңіздің терісін қатты құрғатып жібереді. Сонымен қатар, көз айналасы терісіне жақпаған абзал.


2-ҚАДАМ: тері иммунитетін көтеру


Фото: superfit.me

Есіңізге түсіріңізші, тұмау кезінде, басқа да ауруға шалдыққаныңызда дәрігер не деп еді? «Иммунитетіңізді көтермесеңіз, ауыра бересіз. Иммунитетті жоғарылату маңызды!» деген. Солай ғой! Ендеше, бет терісіндегі пигментті дақтардан құтылу үшін терінің иммунитетін жоғарылату қажет.

Ас содасының көмегімен бет терісін терең тазалап, тері астына енген бактерияларды дезинфекциялаған соң, міндетті түрде теріге күш-қуат беретін маска жасаған жөн. Адам ағзасына ғана емес, теріге де қуат беруде қай азық бірінші орында тұрғанын білесіз бе? Иә, ол – сұлы! Сұлының құрамында бет терісіне қажетті минералды зат көп.

Сұлы ұлпасын кез келген азық-түлік дүкенінен оңай таба аласыз. 2 ас қасық сұлы ұлпасына 3-4 ас қасық піскен ыстық сүт құйып араластырыңыз. Жылы күйінде ас содасымен тазартылған бет терісіне жағыңыз. 20-30 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

Есте ұстаңыз: Сұлы маскасына жарты шай қасық бал қосуға болады.


3-ҚАДАМ: теріге арналған диета


Фото: zerdefito.kz

Зерттеушілердің айтуынша, сұлы дәнінен алынған сүтшенің химиялық құрамы адамның сүтіне өте ұқсас екен. Сұлы сүтшесінің калориясы өте аз, есесіне ағзаға керемет күш береді және қажетті дәрумендермен қамтамасыз ете алады. Ол сонымен қатар, бауырды, бүкіл тері жасушаларын тазартатын қасиетке ие. Сұлы сүтшесі дәріханалардан оңай табылады.

Күніне 2-3 рет, астан 30-40 минут бұрын ішу керек. Дайындау әдісінде де түк қиындық жоқ. 1 стакан қайнаған жылы суға 1 ас қасық сұлы сүтшесін араластырып, 3-5 минуттан соң түгел ішіп тауысасыз.

Есте ұстаңыз: Сұлы сүтшесімен ағзаны тазартуды мүмкіндігіңізге, қажетіңізге қарай бір ай, мүмкін екі ай жасарсыз. Бұл уақытта майлы, ащы және тұзды тағамдардан тыйыла тұрғаныңыз дұрыс-ақ. Сонда нәтиже жылдам байқалады.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Салбыраған БЕТ ТЕРІСІН үш аптада «ТАРТАТЫН» 3 маска


МҰРТ пен ҚОЛТЫҚ түгінен біржолата құтылуға болады

Корей қыздарының шаш күтіміндегі құпиясы