ӘЖІМ түспесін десеңіз, МЫНА ГҮЛДІ үйде өсіріңіз

0
7 260

Жүзіңіздегі алғашқы әжім іздерін түбегейлі жоюға болады. Ол үшін сізге әлбетте, бөлме гүлінің шырыны көмекке келеді.


ӘЖІМ түспесін десеңіз, МЫНА ГҮЛДІ үйде өсіріңіз

Алоэ гүлі тек қана үйдің сәні ғана емес, ол адам денсаулығы үшін де маңызды. Сонымен қатар, сұлулық үшін де оның пайдасы өте көп. Әсіресе, күн суытып, күз айы басталып келе жатқаннан денсаулық үшін, атап айтқанда терідегі жара, жарылу секілді терінің өзгерісінде алоэ гүлінің жапырақтарын пайдалану өте тиімді, әсері де мол. «Алоэ» араб тілінен аударылғанда «ащы, қышқыл» деген мағынаны білдіреді. Бұл өсімдікті арабтар құрғақшылыққа шыдамды болғандығы үшін сабыр, төзім, қанағатшылдық белгісі ретінде жақсы көреді, қадірлейді.


Ал, негізгі отаны-Оңтүстік Америка. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап алоэ өсімдігі медицинада да кеңінен қолданыла бастаған. Оның құрамында салицил қышқылы, фенол, күкірт және өсімдік бальзамы-лупеол бар. Тап осы элементтер жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді.


Алоэ жай талғамайтын өсімдік болғандығы үшін үй жағдайында өсіру қиын емес. Ол ерекше күтімді қажет етпейді. Өте қарапайым өсімдік, алайда пайдасы өте көп. Алоэ шырынын әдетте үйде өсірілетін түрінен алады. Жарақаттанған теріні тез қалпына келтіру үшін ең ыңғайлы, ең тиімді тәсіл қарапайым алоэ шырынын пайдалану.

Терідегі жеңіл және терең жарақаттанған тұстарын микробтардан тазартады. Сонымен қатар, сыртқы көрінісіне жіті назар аударып, өз-өзіне күтіммен қарайтын әрбір әйел үшін өз үйінде алоэ өсімдігін міндетті түрде өсіруге кеңес береміз. Өйткені, бұл өсімдік бөлмеңізге көрік беріп, ауасын тазартып қана қоймай, сіздің сұлулығыңыз үшін де атқаратын қызметі орасан зор екендігін түсінсеңіз әрине.

Күнделікті теңертең және кешкісін алоэ гүлінің бір жапырағын кесіп алып, ортасынан ашып, сөлін бетіңізге жағып отырсаңыз, жүзіңіз тұп-тұнық, таза, жарқырап тұратынына көп ұзамай-ақ көз жеткізетін боласыз.


АЛОЭ шырыны - ӘЖІМге қарсы

Әйел күн сайын айна алдына барғанда өзінің әдемілігін көргісі келеді. Бірақ, жылдар өткен сайын жастық та қол бұлғап, әдемі жүзді әжім торлайтынын да мойындау керек. Қаншалықты қиын болса да, біртіндеп, көз айналасына түсе бастаған ұсақ әжімдерді көргенде көңіл-күйіміздің бірден бұзылып сала беретінін де жасырғымыз келеді.


БІРАҚ...Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз!


Жүзіңіздегі алғашқы әжім іздерін түбегейлі жоюға болады. Ол үшін сізге әлбетте, алоэ шырыны көмекке келеді.

* 2-3 дана алоэ жапырағын кесіп алып, оны жуып-шайып алған соң, қайнаған, бірақ, суытылған 1 литр суға салып, отқа қойып, тағы да 5 минут қайнатасыз. 5 минут қайнағаннан кейін, дәкемен сүзіп алыңыз. Дайын болған сусынды (лосьон) аздап суытып, бетіңізге жаға беруіңізге болады. Қалғанын тоңазытқышта сақтап, таусылғанша пайдалана беруіңізге болады.

* Ауа-райы салқындай бастағаннан ерін де жарылады, құрғайды. Осындай кезде осы лосьонды ерніңізге жағып қойсаңыз, нәтижесі тез байқалады. Яғни, бір-екі рет қолданғаннан еріннің жарылуын емдеп, бастапқы қалпына оралуына көмектеседі.


«МҰЗДАТЫЛҒАН» алоэ

Алоэның шырынын сығып алған соң, мұз текшелерін жасап, пайдалану да өте ыңғайлы әдістердің бірі. Бет терісі үшін, әжімдермен күресіп, бет терісінің қанайналымын жақсарту үшін таптырмас көмекші.

Мұны дайындау үшін 2-3 ас қасық алоэ шырынымен қоса, шалфей өсімдігінен азырақ қосып бірге қайнатсаңыз да нәтижесі керемет болады. Осы қоспаны жақсылап араластырып, мұздатқыштың текшелеріне салып, қатырып қойыңыз. Осы мұз текшелерімен таңертең және кешқұрым бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, әртүрлі дақтардан арылтады және бет терісі жұмсарып, балғындана түседі.


АЛОЭдан жасалған МАСКА


*Бір ас қасық алоэ шырынына осындай мөлшерде қаймақты араластырыңыз. Осы қоспаға аңшы (зверобой) өсімдігі мен бір шәй қасық бал қосып тағы да жақсылап араластырыңыз. Дайын болған масканы бетіңізге мұқият жағып, он бес минуттан соң, алдымен ыстықтау суға, соңынан салқын сумен кезектестіре отырып жуыңыз.

Бұл маска теріні жасартады және әжімдерден азат етеді.

*2 ас қасық балғын алоэ шырынына 1 дана жұмырқаның ақ уызын салып араластырыңыз. Осы қоспаны бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Бұл маска бет терісіндегі ұсақ тесіктерді жояды, сонымен қатар, қандай да бір дақ болса, оны да біртіндеп жояды.

*2 ас қасық алоэ шырынына 1 ас қасық түймедақ (ромашка) гүлінің қайнатпасын және 1 ас қасық балды қосып барлығын жақсылап араластырыңыз. Бұл маска бет терісінің қатпарланып жарылуының алдын алады, жүзіңізді жарқын ете түседі.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ШАШ неліктен БАЯУ өседі?


«ҚЫПША БЕЛ» болуға көмектеседі