​Әжімнің алдын алуға арналған 7 түрлі МАСКА

0
5 027

Жасалуы оп-оңай!


​Әжімнің алдын алуға арналған 7 түрлі МАСКА

Әжімді жас ұлғайғанда кетіруге жұмыс жасағаннан гөрі түспей тұрып, алдын алғанды кез келген әйел біледі және мамандар да үнемі айтып жүр.

Сондықтан, жас ұлғайып, әжім іздері айқын көрінген сәтті күтіп отырмай, қазірден әрекетті бастайық. Қай кезде де әрекет жасау ешнәрсе жасамағаннан пайдалы!

Үмітті сөндірмейік, егер жасыңыз ұлғайып, әжімнің алғашқы іздері ауыз сала бастаса, онымен күресу ешқашан кеш емес. Өзіңізді қолға алыңыз!

Ол үшін өте қарапайым, бірақ нәтижесі көз қуантатын 7 түрлі масканың жасалу жолдарын біліп, қолда барымен жиі маска жасап тұрсаңыз, жас қалпыңызды, әжімсіз, серпімді және балғын теріні сақтай аласыз.


1. САРЫУЫЗ+САРЫ май

Ең алдымен майсана немесе камфора майынан жарты шай қасық алып, жұмыртқаның сары уызымен араластыру керек. Дайын болған қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуасыз. Бұл маска енді ғана түсіп келе жатқан әжімдерді кетіруде жақсы көмектеседі.

2. АШЫТҚЫ

1 ас қасық қаймақ пен 25 гр ашытқыны араластырып, үстінен қоймалжың күйге енгеншесу қосып, бірнеше сағатқа бетін жауып қою қажет. Біразуақыт өткеннен кейін қаймақ пен ашытқы қосылған масканы бетіңізге жағасыз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастайсыз.


3. БАЛ қосылған маска

Жұмыртқаның сарыуызы мен 1 шай қасық бал және 1 шай қасық глицеринді араластырып маска жасаңыз. Артынан жылы сумен бетті шайып тастайсыз. Шамамен 10-15 минуттай уақыт ұстаңыз. Бұл масканың әжімді кетіруде пайдасы мол.

4. ЛИМОН маскасы

1 дана жұмыртқаның сарыуызын алып көпіргенше қозғаңыз. Оның үстіне бірнеше тамшы лимон шырынын және бір шымшым тұз қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, бірден бетіңізге жаға беруіңізге болады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті жуып, нәтижесіне көз жеткізіңіз.


5. КҮНЖІТ майы маскасы

Күнжіт майын бетке жағып,1 сағаттан кейін қағаз майлықпен бетті сүртіп алу керек. Жуудың қажеті жоқ. Бұл маска әжімнің алдын алуға жақсы көмек береді.


фото: novosibirsk.tiu.ru

6. Алоэ
Алоэ жапырағын тазалап жуып, оны үккіштен өткізіңіз. Оның үстіне 1 дана жұмыртқаның сарысы, 3 ас қасық құрғақ сүт, 1 шай қасық балды қосып, қоймалжың масса жасап алыңыз. Тазартылған бет терісіне жағу керек. 20 минуттан соң бөлме температурасындағы немесе құбыр суымен жуып, соңынан бетіңізді мұз кесегімен сүртсеңіз нәтижесі анағұрлым жылдамырақ әрі күштірек болады.

Сонымен қатар, бұл масканы бетті нәрлендіруге арналған ең керемет маска деп біліңіз!


7.САРЫ МАЙ+БАНАН

Сары май мен өсімдік майы көз айналасындағы әжіммен күресуде жақсы көмектеседі. Тек жеке қолдансаңыз да болады, әсерді күшейте түсу үшін оған банан қоссаңыз да болады. 1ас қасық бананды езіп, сары маймен қоса араластырыңыз. Көз айналасының терісіне жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуасыз. Бұл масканы ұйқыға жатар алдында жағып, таңертең жуу керек.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ