​БЕТ ТЕРІСІ салбырап кетпес үшін ҚЫТАЙ МАСКАСЫН жасау қажет

0
5 641

20 күнде салбыраған тері қалпына келеді.


​БЕТ ТЕРІСІ салбырап кетпес үшін ҚЫТАЙ МАСКАСЫН жасау қажет

Әйел үшін сұлулығына сын келтіретін ең бір осал тұсы - бет терісінің босап, салбырап кетуі. Оның нәзік жандылардың ешбірі қаламасы анық. Ал оны қалыпты ұстап тұру үшін күтім керек.


Бұл масканың артықшылығы да сол, бет терісін тартып, әжімдерді азайтады. Терінің босаңсуының алдын алады. Терінің саулығына және оны тегіс әрі жарқын етуге көмектеседі.


Түрлі әдіс-тәсілдері бар болғанымен, бізге көп уақытты қажет етпейтін, нәтижесі таңқаларлықтай, маска жасау үшін көп қоспаны да қажет етпейтін, барлығына қол жетімді масканы жасап көруге болады.


Үй жағдайында әрбір әйел өзі қолдан қиналмай-ақ жасап алатын бет күтіміне арналған бұл масканы қытайлық бикештер жиі қолданады екен.

Қытай маскасы қалай жасалады?

Ол үшін бізге бал, крахмал және ас тұзы қажет. Бұл заттардың қоспасынан әзірленген маска қарапайым болғанымен, ол теріні нәрлендіреді, реңін қалпына келтіреді және тегістейді, пигментті дақтардың да пайда болуының алдын алады. Егер бетіңізде пигментті дақтар пайда болған болса, оларды едәуір азайтады.

Ингредиенттер:

- 1 шай қасық бал (мүмкіндігінше сұйық бал болғаны жақсы)

- 1 шай қасық крахмал

- 1шай қасық тұз

Барлығын бірдей мөлшерде бөліп алған соң, алдымен бал мен крахмалды жақсылап араластырып алыңыз. Біркелкі ақ түсті болғанша араластырыңыз. Егер бар болса теңіз тұзын ұнтақтап (болмаса қарапайым ас тұзы) 1 шай қасық қосып тағы да араластырыңыз.


Егер сіздің бетіңіздің терісі тым сезімтал немесе өте құрғақ болса, бұл маскаға 1 шай қасық сүт қосып жіберуіңізге болады.


Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 25 минут бойы ұстаңыз. Дайындалған масканы кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан, үсті-үстіне қалың етіп жаға беруіңізге болады.


Егер теріңізде жағымсыз сезім туындаса, (күйдіру, тітіркену, қатты қышу т.б.) жайсыздық сезінсеңіз, дереу бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз.


Жақсы нәтижеге жету үшін қытай сұлулық маскасын 20 күннің ішінде арасына бір күн тастап ай бойы үзбей жасау ұсынылады. Яғни, 20 күнде 10 рет осы масканы жасаңыз.


Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


ЖАРЫЛҒАН ЕРІН: Тіс пастасынан келетін ҚАУІП бар

ЖЕЛАТИНді маска БОТОКСты алмастыра алады