​Бетіңізді СҮТпен ЖУЫП көрдіңіз бе?

0
4 752

1 ас қасық сүт жеткілікті.


​Бетіңізді СҮТпен ЖУЫП көрдіңіз бе?

фото: korzik.net

Мұның пайдасын біреу білсе, біреу білмес. Дегенмен, «сүтпен жуынуды» аңызға да, шындыққа да балайтын қыз-келіншектерге сүтпен бетіңізді жуудың қандай пайдасы бар екендігі таңсық болса, бұл туралы біле жүргеніңіз абзал.


Сүт ағзаға пайдалы, дәрумендерге бай өнім. мұны біз адам ағзасы үшін қоректік зат ретінде білетін болсақ, тері үшін де қоректік қасиеті туралы қосымша мәліметтер білейік.


Сүттің құрамындағы дәрумендер біздің терімізге қалай әсер етеді?
B1 дәрумені
пиллингтің жағымсыз әсері мен тітіркенуді жеңуге көмектеседі
Сүттегі А дәрумені терінің серпімді болуына көмектеседі
B2 оттегіні теріге жақсы жеткізіп, ағзадағы зат алмасуды реттеп, метаболизм процестерін жақсартады.
B12 дәрумені бет терісін біртегіс етеді және қалпына келтіреді.
С дәрумені қабынуды жеңілдетеді және емдейді.
D дәрумені теріut тонус береді, қартаю процесін тежейді. Осы аталған барлық факторлар терінің сұлулығын және саулығын сақтауға көмектеседі.


Сондықтан, жиі болмаса да, кезі келгенде «сүтпен жуынып тұруды» әдетке айналдырсаңыз, бетіңіздің терісі ерекше әдемі болады. Оған көп мөлшерде сүт қажет емес, әсіресе ауылдық жерде өмір сүретін, арнайы бет күтімі үшін косметика сатып алып, тұрақты түрде күтім жасауға мүмкіндігі де, уақыты да бола бермейтін келіншектер үшін ең керемет жол осы.

фото: orbsteppe.ru

Сиыр сауып, сүт пісірген соң, ыдыстың түбінде қалған жұғынын да осылай бетіңізге жағып жүрсеңіз, барлығын ұқыпты әрі тиімді қолданатын нағыз әмбебап әйел атанасыз, солай ғой?! Ал сүтті «косметиканы» қолданудың өз ережесін бұзбай орындау да қиын емес.
Егер сіз күні бойы косметикамен жүретін болсаңыз, алдымен бетіңіздегі макияжды өшіріп тастаңыз. Егер макияж жақпасаңыз, таза сумен бір шайып алыңыз. Одан кейін ғана мақталы дискіні сүтке малып, артығын сығып тастаңыз. 2-3 минут бойы массаж сызықтары бойымен бетіңізге жағып шығыңыз. Мақталы диск құрғаса, тағы да қайталап сүтке малып алыңыз да бірнеше қайтара бетіңізді сүртіп шығасыз. Жағып болған 15-20-қа қалдырыңыз. Содан соң, бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз.


Егер үнемі көз алдыңыз ісініп тұратын болса, сүттің құрамындағы пайдалы заттар бұған жақсы көмек береді. Ұйқыдан тұрған сәтте жиі ісінетін көздің алдына мақталы дискті алып екіге бөліңіз. Патчи түрінде қиып алсаңыз, көз алдына қойған езде ыңғайлы болмақ.


Оны салқын сүтке малып алған соң (сығып алудың қажеті жоқ), көздің астына қойып тағы да 15-20 минуттай тынығып жатыңыз.

Бетті сүтпен жуған кезде оның әсері жақсы болуы үшін, бөлме температурасында болғаны дұрыс. Егер дүкеннен сүт сатып алатын болсаңыз, бет күтімі үшін құрамында бояғыштар мен консерванттары жоқ сүт ,jk5fys l9hsc. Өйткені табиғи сүттің әсері күштірек.
Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, майлылығы жоғары сүт қолданыңыз. Керісінше, майлы тері болса , майлылығы аз, қышқыл сүтті пайдаланыңыз.

Күніне екі рет қолдансаңыз, нәтижеге тез қол жеткізесіз.


Қандай сүт дұрыс?

Сүт тек сиырдың немесе басқа сүт деп қатып қалған қағида жоқ. Тәжірибеде көбірек қолданылатыны әрине, сиырдың немесе ешкінің сүті. Мейлінше шикі сүтті қолданғаныңыз дұрыс. Өйткені, сүттің құрамындағы дәрумендер жоғары қызуда жойылып кету қаупі арта түседі. Сондықтан, бұл қиын емес, бетіңіздің сұлулығын, жастығын сақтап қалғыңыз келсе, күн сайын сүтке «жуыныңыз»!

Дайындаған: Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

КОЛЛАГЕНге бай САРЫСУды үйде жасауға болады


КӨКТЕМде ерінге арналған скраб МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕРЕК