​ҚАЙЫЗҒАҚ неден пайда болады, қалай ЖОЯМЫЗ?

0
16 180

Шашты жиі жуған зиян болса, ұзақ уақыт жуылмаған шаш та теріге зиянды


​ҚАЙЫЗҒАҚ неден пайда болады, қалай ЖОЯМЫЗ?

Бас терісінің құрғауынан қайызғақ пайда болады дегенге барлығымыз сенеміз және қайызғаққа қарсы өнімдер жайлы әркім әрқалай кеңес береді. Сол өнімдерді қолданып, шашымыздағы қайызғақтан құтылудың жолдарын іздейміз. Бірақ шыны керек қайызғақтың пайда болуы да адам денсаулығының бір кінәраты болғандығының белгісі.

Қайызғақ сапасыз немесе дұрыс таңдалмаған сусабындардан қалған нәтиже емес. Бұл тері ауруының бір көрінісі.

Себебі қайызғақ тек шашта ғана болмайды, кейде бет терісінде де, қаста да, тіпті кірпікте де қайызғақтың пайда болуы мүмкін екенін білесіз бе?

Адамның иммунитеті төмендегенде осындай жағымсыз «ақ теңгелер» пайда болады екен.


Қайызғақтан қалай құтыламыз?

Ол үшін ең тиімді жолдардың бірі өсімдік қайнатпасымен шашты жуу.

Қайызғақ басыңызды қышытып, жағымсыз әсер қалдырса, тезірек жоюға тырысыңыз. Көбейіп кетсе шаш сұлулығына нұқсан келтіреді.

Түймедақ (ромашка) және қалақай (крапива) гүлдерінің қайнатпасымен шашты жуып, жеңіл уқалау.

Бірнеше тамшы шай ағашы майын сусабынмен араластырыңыз. Ылғалды шашқа жағып, жеңіл қимылмен уқалай отырып шашты жуу.

Пияздан дайындалған қайнатпамен оқтын-оқтын шашыңызды жуып тұру қайызғақты жойып, алдын алады.


(фото ашық дереккөзден алынды)

Ересектерде

Көбінесе 14 пен 25 жас аралығындағылар жиірек бетпе-бет келіп жатады екен. Себебі ағзадағы гормондық өзгерістерге байланысты. Ендеше алма сіркесуының қайызғақпен күресудегі тиімділігін осы жастағылар біле жүрсе құба-құп.

Алма сіркесуының құрамындағы органикалық қышқылдар бас терісін тиімді тазартады, қайызғақтың пайда болуына бөгет жасайды. Бұл өнім тері зеңдерінің «бас көтеруіне» жол бермейді. Сонымен қатар, шаш біртегіс әрі жылтыр бола түседі.

*Алма сіркесуының құрамындағы А,В,С дәрумендері, пектин және қышқылдар шаштың фолликулаларын нәрлендіреді.

*Терідегі өлі жасушаларды жойып, жаңасының түзілуіне мүмкіндік береді. Бас терісін әртүрлі токсиндер мен кірден тазартады.

*Алма сіркесуымен массаж жасау шаштың тонусын жақсартады. Бас терісіндегі микроптарды өлтіреді.

Алма сіркесуын кез келген азық-түлік дүкендерінен оңай табуға болады. Жағымды иісі болады, яғни алманың иісі аңқиды. 4 немесе 6 пайыздық болуы мүмкін.

1 стакан ыстық суға 4 ас қасық алма сіркесуын қосып араластырыңыз. Жуылған шашқа жағып, бірнеше минут бас терісін уқалаңыз. Кейін жылы сумен шайып тастайсыз және өздігінен кебуін күтіңіз. Яғни, сүлгімен шашыңызды сүрткен соң, шаш кептіретін құралды қолданбаңыз.


Кішкентай балаларда

Кішкентайларда қайызғақ болмайды деп ойласаңыз қателестіңіз. Олардың терісінде әсіресе көктем-жаз мезгілдерінде көбірек байқалады. Тоған суына, өзен-көлдерге жах бойы шомылып өскен ауыл балалары қазір есіне түсіре алатын шығар, судан шыққан соң құрғаған теріде «аппақ» болып қайызғақ шығатынын.

Судан шығып, күнге қыздырынған соң тері «жарылып кеткен» дейтін болжам жасайтынбыз. Біраз уақыт өткеннен соң өздігінен қалпына келеді деп соңын күтетінбіз. Бірақ кішкентай баланың терісіндегі сондай қайызғақтан табиғи майлардың көмегімен арылуға болады екен.

Зығыр дәнінің майы, бадам майы, күнжіт майы. Осы үш түрлі майдың қайсысы бар болса сонымен теріні сылап, ақырын уқалау керек. Шашта болса, шаш түбіне жағып, біраз массаж жасаған тиімді.


Балаларда қайызғақ пайда болмау үшін:

Ата-аналар баланы жеке гигиенаны сақтауға үйретуі қажет. Оларға бөтен адамның тарағын,және бас киімін пайдалануға болмайтынын ескертіңіз.

Баланың шашын арнайы сусабындармен, яғни балаларға арналған сусабынмен жууды әдетке айналдырыңыз.

Ауа-райына қарай баскиім кигізу керек. Сонымен қатар, бас өлшеміне сай болғанына мән беріңіз. Баланың бас киімі кең немесе тар болмауы шарт.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БОЯУСЫЗ да шаштың әдемі түсін жасауға болады


50-ден асқанда қалай ЖАС КӨРІНУГЕ болады? Қарапайым 4 ЕРЕЖЕ