​ҚАЙЫЗҒАҚтан құтылу ОҢАЙ

0
9 426

Қайызғақтан зардап шегіп жүрсеңіз, шешімі оп-оңай.


​ҚАЙЫЗҒАҚтан құтылу ОҢАЙ

фото: econet.kz

Бас терісінің құрғауынан, дұрыс күтім жасалмағаннан, яғни сусабынның сәйкес келетінін таңдамағандықтан, шаш қайызғақтанады деген түсінік бар. Бұл болжамның да шындыққа жанасатын тұстары бар шығар, бірақ оның алдын алуға, мәселенің шешімін табуға әбден болады.

Үнемі күтім жасап,тамақтануыңызды дұрыстап,ағзаңызды қажетті дәрумендермен толтыра отырып,үйде мынадай маскаларды жасасаңыз құтыласыз. Тек қана ерінбесеңіз болғаны. Ол үшін біршама қоспалар қажет, барлығы да қолжетімді.


ЛИМОН қабығы

Төрт лимонның қабығын бір литр суға салып, 15 минут қайнатып алыңыз. Аптасына бір рет осы қоспамен шашыңызды шайып тұрсаңыз қайызғақ кетеді.


ЗӘЙТҮН немесе КАСТОР майы

Егер бас терісі құрғақ әрі қайызғақ болса шашыңызды жуардан алдын зәйтүн немесе кастор майы арқылы бес терісіне жақсылап массаж жасау керек.

Сонымен қатар, бұл майдың қайсысы болса да бір ас қасығын алып, лимон шырынының бірнеше тамшысын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып алған соң оған саусақтың ұшын батыру арқылы қоспаны алып, бас терісіне массаж жасаңыз. Массажды тым жеңіл немесе аса батырып емес, орташа жылдамдықпен жасағаныңыз жөн. Тырнақты батыруға болмайды. 5-10 минуттай массаж жасаған соң жылы сумен жақсылап жуып тастауыңыз қажет.


фото: ves-vesti.ru

ЖҰМЫРТҚА+АЙРАН+АРАҚ

Бір жұмыртқаға жарты ас қасық арақ, жарты ас қасық айран қосып араластырып осы қоспаны басыңызға жағасыз. Мұны екі күнде бір рет жасап тұрсаңыз болады.


ТҰЗбен шаю

Ал ең оңай тәсілі, нәтижесі бірден болмаса да, қайызғақтың біртіндеп азайып жатқанын байқатады. Ол үшін шашты күнделікті жуып жүрген сусабынмен жуып, тазалап шайып алған соң, қайтадан жылы суға бір уыс тұз қосып шашты шайса қайызғақ бірден кетпесе де азаяды. Өйткені әркімнің бас терісі әртүрлі.

Бұл айтылған емдік рецептердің барлығы да бастағы қайызғақты кетіреді. Қолыңызда бар затты қолданып, қайызғақтан құтылыңыз!

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

ЖАЗ-2022: ер адамдардың ЕҢ СӘНДІ шаш үлгілері


ҚҰРҒАҚ теріге ӘЖІМ тез түседі