Киімнің АРҚА, КЕУДЕ мен ҚОЛТЫҚ тұсы суланып тұрса - Жазға арналған ЛАЙФХАКТАР

0
3 275

Терлеудің салдарынан киіміңіз жабысып, көтеріліп кетсе, шаш қатыратын лак көмектеседі


 Киімнің АРҚА, КЕУДЕ мен ҚОЛТЫҚ тұсы суланып тұрса - Жазға арналған ЛАЙФХАКТАР

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жаз маусымы адамдарды түрлі келеңсіз жағдайларға кезіктіретіні анық. Тердің шығуы, киімдеріңіздің денеіңзге жабысып, ыңғайсыздық туындатуы, шомылу маусымындағы түрлі келеңсіздіктер. Кез –келген мәселенің шешуі мен өз жағдайыңызға ыңғайлылығын қамтамасыз етіп алуға әбден болады. Тек, оның жолы мен жөнін білсеңіз болғаны. Аптап ыстықта сіздің қажетіңізге жарайтын түрлі лайфхактарды назарларыңызға ұсынудамыз. Пайдаға асып, мәселеңізді жеңілдететініңізге сеніміміз мол.


Тер ағып, көйлегіңіз бүлініп қалмау үшін...


Қалыптан тыс жоғары температурада адамның ең алдымен нәзік терілерінен алғаш болып тер шығады. Сондай-ақ, дермотолог-дәрігерлердің айтуынша, дәл сол нәзік терілерден екі-немесе үш есе көбірек ылғал бөлінеді екен. Ол - қолтық тұсы, екі көкіректің жиек тұсы және де маңдай және шатта.

Көшеде үстіңізге киген жейдеңіздің суланып қалмауы үшін әйел затының қолданатын күнделікті гигиеналық жұқа төсеніші. Бір жағы желімді, ал екінші беті су сорғыш болып келетін бұз затты қолдану өте қарапайым және оңай. Ол төсеніштің желімді бетін көйлегіңіздің қолтық тұсына жабыстырып қойсаңыз болады. Ал, төстартқышыңыздың астыңғы бөлігіне де дәл осылай жабыстырып қойыңыз. Әр терлеген сайын, өзіне суды тартып, киіміңіздің бүлінбеуі мен өзіңіздің сенімді жүруіңізге септігін тигізеді.


Киіміңіз көтеріліп кетпеуіне, шашқа себетін лак көмектеседі


Адам көркі - шүберек. Дегенмен де, олардың сәнді әрі өз қалпында тұруы маңызды. Жаздың күнінде денеге жабысып тұратын көйлегіңіз терлегеннен көтеріліп кетсе, екі саныңызға шашты қатыратын лак сеуіп қойыңыз. Сонда әдемі көйлегіңіз қалпын сақтап тұрады.


Жұқа белдемшеңіз көтеріліп мазаңызды алды ма?


Жазда, әсіресе шомылу науқаны кезінде самал мен желдің қатарласып жүретіні белгілі. Өте жұқа көйлектің етегі соққан самалға көтеріліп, ыңғайсыздық туындатады. Оның шешімін бір-ақ сәтте шешуге болады. Ол үшін бір қолдануға арналған жабыстырғыш пен қарапайым тиын көмекке келеді. Етегіңіздің төменгі жағының ішкі бетіне тиындарды бір реттік лейкопластырьмен желімдеп қойыңыз. Бұл таптырмас лайфхак.


Жағажай шомылғанда мейлінше жабық болғанын қаласаңыз...

Картинки по запросу лайфхаки как завязать на пляже

Шомылу киімдерінің көпшілігі өте ашық. Кейде үлкен кісілердің көзінше киюге ұялып, суға түсуден бас тартып жататындар да кездеседі. Етек-жеңі мүлдем жабық шомылуға арналған киімдерге көпшіліктің қолы жете бермейді. Сол себептен де жұқа орамалдарды түрліше тағудың жолдарын көрсетсек болады.


Шомылудан кейінгі күнге күйген жеріңізді алоэ шырыны әп-сәтте кетіреді


Денеңіз күнге күйіп, ол қабыршақтанып кеткенін қаламасаңыз, алоэ алып қойыңыз. Қарапайым алоэны қақ ортасынан көлденең тұсынан жарып, сөлін бөлек аламыз. Ыдысқа салып сұйық қоймалжың болғанша араластырамыз. Дайын болған сұйықтықты мұздатқышқа салып, мұз күйінде күйген жеріңізге жағыңыз. Қызарғаны басылып, құрғап кетуден сақтайды.


Өкше жарылса, сүтке батырыңыз


Жаздың аптап ыстығы аяқтың өкше тұсын зақымдап, жарылуына әкеліп соғады. Ол келеңсіздікті оңай әрі тез кетіру үшін, сүт қажет болады. Шұңғылдау ыдысқа 3 стақан сүтті құйып, 3 ас қасық содамен жақсылап араластырамыз. Дайын болған сұйықтыққа аяқты жарты сағайттай салып қоямыз. Бұл аталған процедураны 3 күн қатарынан жасасаңыз, өкшеңіз сәбидікіндей жұмсақ болып қалады.

Біздің көрсеткеніміз жаз маусымында аса қажет деп табылатын, келеңсіздіктердің алдын алуға көмектесетін тамаша мүмкіндіктер. Жасап, тәжірибен өткізіп қараңыз, мүмкін көптен шешімін таба алмай жүрген мәселеңіздің түйіні шешіліп қалар...

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі



Тағы оқыңыз:

АЯҚ ЖАЛПАҚ БОЛСА: жазда қандай аяқкиім таңдау керек?


Биылғы жаздың ЕҢ СӘНДІ киімдері - ТОПТАМА-2019