​Қолыңыздың терісі ЖІБЕКТЕЙ ЖҰМСАҚ болғанын қалайсыз ба?

0
2 234

Өзінің қолына жаны ашымаған адамға ешкімнің жаны ашымайды.


​Қолыңыздың терісі ЖІБЕКТЕЙ ЖҰМСАҚ болғанын қалайсыз ба?

Яғни, бұл тура мағынасында болмаса да әр адам өзінің қолына, терісіне көп көңіл бөлу керектігін білдіреді. Ал біз көбінесе, күн суытып, қол терісі құрғай бастағанда ғана қолға күтім қажет екендігін есімізге аламыз.

Қол терісінің сұлулығы мен саулығын сақтау күннің суық мезгілдерінде анағұрлым қиындай түседі. Соған қарамастан қолыңызды жібектей жұмсақ, нәзік ету үшін арнайы күтім көрсету қажет.

Ал, көптеген қыз-келіншектер уақыттың және қаражаттың тапшылығын алға тартып, қол күтіміне арнайы көңіл бөле бермейді. Қолға арналған арнайы кремдерді ғана күніне бір рет жағып жүрсек жеткілікті деп ойлайтын арулардың қатарында сіз де барсыз ба?


Ендеше, бұл кеңес сіз үшін.

Қалтаңызға да салмақ салмайтын, уақытыңызды да көп алмайтын қолға арналған күтім туралы біле жүріңіз.


1. КРАХМАЛ

Жылы суға 2 ас қасық картоп крахмалын салып, жақсылап араластырыңыз. Көлемділеу ыдысқа жасағаныңыз жөн. Өйткені, қолыңыз суға еркін батып тұратындай болғаны дұрыс. Осы қоспаға қолыңызды салып, 5-10 минут ұстаңыз. Соңынан жылы сумен шайып, крем жағып қоюыңызға болады.


2. ҚАРА НАН

Кәдімгі қара бидай ұнынан пісірілген наннан қолыңызды ылғалдандыратын крем-маска жасауға болады. Ол үшін қара нанның ұсағын сүтке араластырып, қоймалжың жасау керек. Жарты стақан жылы сүтке 1 тілім қара нан жеткілікті. Осы қоймалжыңды тазалап жуылған қолыңызға жағып қойыңыз. Бұл масканы қолыңызда 15 минут ұстасаңыз жеткілікті болады.

фото: c-nail.ru


3. АСКӨК (петрушка)

Аскөктің бір бумасын ұсақтап турап, қайнап тұрған суға салып, 5 минуттай қайнатып алыңыз. Содан кейін, кішкене суытып, дәкемен сүзіп алыңыз. Бізге керегі сұйықтығы. Осы сұйықтыққа төрт-бес қабаттап, алдын ала дайындалып қойған дәкені батырып, сулы дәкемен қолыңызды орап қойыңыз. Оның сыртынан жылылықты сақтап тұру үшін, сүлгімен ораңыз. 10 минуттан соң, дәкені алып тастауыңызға болады. Осы уақыт аралығында қолыңыздың терісі жылтыр әрі әдемі болғанын байқайсыз.


4. АЛМА+БАЛ+ЖҰМЫРТҚА

Үй жағдайында жасалатын келесі крем дәрумендерге бай. Ол кремді жасау да үйдегі азық-түліктерден дайындалады. 1 дана үлкендеу алманы үккіштен өткізіп, 1 ас қасық сары май, 1 ас қасық бал және 1 дана жұмыртқаның сарысын қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Дайын болған жақпаны 1 апта бойы қолдануыңызға болады. Тек бір ескеретін жағдай, бұл жақпаны қолданып болғаннан кейін қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз.


5. РАУШАН ГҮЛІ

Сыйға тартылған раушан гүлінің қурап қалғанын күтіп, содан кейін қоқысқа тастағанша, оны өз пайдаңызға жарата біліңіз. Раушан гүлінің күлтелерінен де қолға арналған крем жасауға болады. Гүлдің күлтелерін ұсақтап турап, өсімдік майына салыңыз. Осы қоспаны 5 күнге тұндырып қойыңыз. Қоспа дайын болғанда қолдарыңызға жаға беруіңізге болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КҮЗГІ КҮТІМ үшін ең МАҢЫЗДЫ 4 ҚАДАМ


МЫНА 7 ҚАТЕЛІКті жасамаңыз!