​КОРЕЙ әйелдері ЖАС КӨРІНЕДІ, оның себебі МЫНА 5 ҚҰПИЯДА жатыр

0
2 643

Мұның құпиясы неде?


​КОРЕЙ әйелдері ЖАС КӨРІНЕДІ, оның себебі МЫНА 5 ҚҰПИЯДА жатыр

Корей әйелдерінің сұлулығы және бетінің жас сәбидікіндей балғын, жылтыр болатындығы көпшілікке мәлім. Жалпы есеппен алғанда корей киноларынан ғана көргеніміз бойынша емес, онда әйелдердің өз-өздерін қатты құрметтейтінін және күтім жасауда алдына жан салмайтынын растайтындар көп екені де жасырын емес.

Мұның себебі корей әйелдері пластикалық отаға көбірек жүгінгендіктен деп ойлайтындар және нақты солай деп шешім шығаратындар да жоқ емес. Дегенмен, пластикалық отаны теріге жасататындардан гөрі көз қабағына ота жасататындар басымырақ.

Ал бет терісі үшін қандай күтім жасайтынын білгіңіз келе ме?

Ол үшін отаға жүгінудің қажет жоқ. Тек қана МЫНА 5 амалды бұлжытпай орындап жүрсеңіз, сіз де өз жасыңыздан бірнеше жасқа жас көрінетін боласыз.


ПРОБИОТИКке бай азық-түліктерді тұтыну

Корей әйелдері ішек флорасын қалыпты ұстау үшін күнделікті тамақтану рационына «кимчи» секілді пробиотиктерді тұтынып, бүкіл ағзаның саулығына үлес қосады. Пробиотиктер мен сау ішектің «қартаю» белгілері – әжімдердің пайда болуына жауап беретін қабынуды тудырушы клеткалармен күреседі.

Ішек флорасының жұмысының бұзылуына бірден бір себепкер қант пен әртүрлі спирттік ішімдіктерді тұтыну. Өзінің жас қалпын ұзақ сақтағысы келетін адам әрине, қантты мөлшерімен, ішімдікті де мүлдем ауызға алмаумен салауатты өмір салтын ұстана алады. Ферментті азық-түліктердің антиоксидант және қабынуға қарсы қабілеті бар.


МОЙЫН терісін «қорғаңыз»

Бет терісіне күтім жасаған кезіңізде ешқашан мойынды ұмыт қалдырмаңыз. Себебі, бетіңіз қаншалықты әдемі болып тұрса да, мойындағы әжімдер сұлулығыңыздың сынын кетіреді.

Бет терісіне қарағанда мойынның терісі жұқа әрі тез қартаюға бейім. Сондықтан, мойныңыз жасыңызды «сатып» қоймасын десеңіз, мойынға да күтім жасаңыз.

(Суреттер ашық дереккөзден алынды)


Теріге ДҰРЫС күтім жасауды біліңіз

Корей арулары бет күтімін көбінесе жатар орынға жасайды.

Күні бойы бетіңізде жүрген «макияжбен» ұйықтап қалмаңыз, макияж жасамайтын болсаңыз да бет терісіне күні бойы жиналған «кірді» тазалаңыз. Ол үшін бетіңізді ыстық сумен жуу шарт емес. Аздап жылы немесе салқын сумен жуыңыз.

Тазалау үшін құрамында агрессив өнімдер, спирт пен SLS-і бар ксометикалық өнімдерді қолданудан бас тартыңыз. Бұл терінің құрғауына алып келеді, әсіресе сезімтал тері болса, бетіңізде проблемалар көбейеді.

Тазартудан соң, міндетті түрде нәрлендіру амалын орындаңыз.


Күннен қорғаңыз

Күн сәулесі жазда да, қыста да теріге зиянды әсерін тигізуі мүмкін, егер сіз тікелей күн сәулесінің астында жүрсеңіз. Бұл ерте әжімнің түсуі мен қара дақтардың көбеюіне әсер етеді. Сондықтан, кәріс әйелдері жастайынан SPF кремін қолданады. Косметиканың құрамында SPF болса да, макияждан алдын «спектрлі күн» кремін қолданғанды жөн санайды.


ТҮТІКШЕмен ішпеңіз

Бұлшықеттің жиі-жиі жиырылуынан теріде, нақтырақ айтқанда еріннің айналасында терең сызықтар, яғни әжім пайда болады. Кәріс қыздары қандай сусынды ішсе де асқан сақтықпен және түтікшені жиі қолданбауға тырысады.

Егер сіз де корей сұлулары секілді жас көрінгіңіз келсе, олардың сұлулық жолында жасайтын әдеттерін қайталаңыз және сіз де оны әдетке айналдырыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


МЫНА 10 кеңесті әдетке айналдырсаңыз, ҚАРТАЙМАЙСЫЗ

ӘДЕМІ БОЛУ ҮШІН күнделікті 15 МИНУТ ЖЕТЕДІ