Көзіңіз ісіп тұрса ШАЙ мен КАРТОП көмектеседі

0
2 030

Шаршаудан пайда болған солыңқы бетке жалбызды мұз да көмектеседі


Көзіңіз ісіп тұрса ШАЙ мен КАРТОП көмектеседі

фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Бет терісінің дұрыс тазаланбауы - жүзіңізге артық бөртпелердің пайда болуына әкеліп соғады. Сондай-ақ, мөлшерден тыс майлы тағамдар мен тәтті шоколадтар да әдемілігіңізге сызат түсіреді. Ал, оларды уақытша жасырып бағудың жолы бар ма екен?

Әрине, бар. Әрлеуші мамандар кез-келген беттегі кемшілікті жоюға болады немесе оларды арнайы құралдар арқылы жасыруға болатынын айтады. Олардың, яғни, беттегі кемшіліктің түр сипатына және туындаған қауіптілігіне қарай да түрлі құралдар пайдалану керектігін ескертеді.

Кез-келген беттегі кемшілікті жасырудың түрлі тәсілдерін халықаралық бет әрлеуші Елена Мотинованың айтқан кеңестерінен саралап білдік.


Қатты шаршау - бет терісі үшін де қауіпті

Картинки по запросу Следы усталости на лице

Екі күн ұйықтамай, үш күн бойы әлде бір жағдайды уайымдап жүрген болсаңыз, жүзіңізден нұр қашты дей беріңіз. Солыңқы бет-бейне, стресстен болуы да мүмкін. Бұл жағдайдың алдын алудың екі әдісін ұсынамыз.


1. Мұз

Жалбыз, түймедақ, ақжелкен секілді шөптерді қайнаған суға салып, біраз тұндырып қоямыз. Суыған сусынды арнайы мұз қалыптарға саламыз. Бетіңізді өзіңіз тазалап жүрген құралдармен жөнге келтіріп болған соң, дәл осы мұздың бір бөлікшесімен сүртіңіз. Дәл осы әрекетті күнделікті жасап тұрсаңыз, сіздің бетіңіздің балғындығы байқалып тұрады.


2. Сүт және даршын

Солыңқы бетке энергия сыйлайтын дәл осы сиқырлы қоспаны, күнара жасап тұрыңыз. 200 мл сүтке 1 ас қасық даршынды (корица) салып, әбден араластырамыз. Сонымен бетіңізді жуыңыз. Нәтежиесі керемет болары анық.


Жоғарыда аталған кемшілікті жасыруға көмектесетін бюти-көмекшілер:

Картинки по запросу как скрыть недостатки на лице

1.Кез-келген түстегі хайлайтер

2.Макияж астынан сүрілетін база

3.Румяна

4.Тональді крем


Беттегі бөртпелер мен қызаруларды қалай жасырамыз?

Похожее изображение

Бетіңізге қандайда бір безеу немесе безеуден қалған ізді байқасаңыз лаванда немесе қайың хош иісті майын тамызыңыз. Қызарғанды басып, едәуір асқынуды бәсеңдетеді.

Сондай-ақ, бұл кемшіліктерді түрлі-түсті корректорлар жаба алады. Суретшілердің бояуына ұқсас болып келетін бұл құралдың біреуі сіздің сөреңізде тұрғаны дұрыс. Дәл осы кезде жасыл түсіне ұқсас бөлігін тональді кремнен екі есе аз етіп бетіңізге жағып шығыңыз. Ал, оның үстінен кез келген өзіңізге ұнайтын бояғыштарды қолдана берсеңіз болады.

Ескерту: Бетіңіз безеу басып, мазаңзды қашырғанда дұрыс опа түсін таңдау өте маңызды.


Безеу мен қызаруларға қарсы бюти-көмекшілер

Картинки по запросу как скрыть недостатки на лице

1.ВВ-крем

2.Түрлі-түсті корректор

3.Опа


Көгеру мен көз айналасындағы қарайған дақтар

Картинки по запросу темные круги под глазами как закрыт с макияжем

Көз айналасына консилер көмектеседі. Ең алдымен, тазаланған беттің үстіне база жағып болғаннан кейінгі әрекет осы көз айналасын қалыпқа келтіру. Көгерген жерлеріңіз болса, консилерді жұқалап жағып қойыңыз. Оларды бір келкі етіп жағу өте маңызды.


Бет пен көз ісінулерін білдіртпеу үшін

Похожее изображение

Көз көбінесе ұйқының қанбауы, мөлшерден тыс сусындар мен ішімдікті қолданғанда пайда болады.


Шәй арқылы кетіру

Сіз бетіңізге макияж жасамай тұрып, ретке келтіруге тырысыңыз. Қарапайым қалташадағы шәйді ыстық суға бір салып алыңыз. Сәл суыңқырағаннан кейін екі көзіңіздің жұмып, қабағыңызға 15 минутқа қойыңыз. Міндетті түрде шалқаңыздан жатып жасаңыз.


Картоп арқылы жою

Жоғарыдағы айтылған әдісті картоп арқылы жасасаңыз да дұрыс болады. Себебі картоптың құрамындағы крахмал ісікті кетіретін қасиетке ие.

Көз астындаңы қатпарлы ісікті кетіруге қатқыл тональді крем көмектесе алады. Ал, консилерді оның үстінен жұқалап жақсаңыз дұрыс болады.


Қара дақты жасыру оңайға соқпайды

Картинки по запросу пигментация не лице

Бала босанғаннан кейін немесе тумысынан пайда болған сепкілдердің көбеюі - көп нәзік жандылардың осал тұсы. Бұл келеңсіздіктерді жасыруға жасыл түсті консилер көмектесе алады. Тек қана өзінің бет түсіне сәйкес келетін тональді кремді жақсаңыз, қара дағыңызды одан сайын менмұндалап тұратын болады. Сондақтан да жасыл түсті консилер бірінші кезекте жағылады. Әрине, базадан кейін. Әрмен қарай өз қалауыңызша бояна бересіз.

Біз ұсынған кеңестерді пайдаға асырып, жасаған тәжірибені қолдана білсеңіз, жаздың жадыраған күнінде өзіңізді сенімді әрі сергек ұстайтыныңызға сенім мол.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі



Тағы оқыңыз:


Денеден шығатын ТЕРДІҢ ИІСІН кетіруге арналған 6 әдіс


Жазда бетті МИНЕРАЛДЫ СУМЕН тазартқан дұрыс