Құрғақ тері - тез қартаюдың себепкері

0
2 997

Жастың ұлғаюына байланысты немесе терінің серпімділігі бәсеңдеуіне байланысты тері құрғауы мүмкін.


Құрғақ тері - тез қартаюдың себепкері

фото: omerfatihsahin.com

Сондықтан, теріңіздің құрғап кетпеуін үнемі қадағалап жүріңіз. Беттің емес, жалпы дененің көп бөлігінің құрғақтығы денсаулықтағы проблемалардың көрінісі. Бет терісінен бөлек теріңіздің көп бөлігінің құрғақтығын байқасаңыз, дәрігерге барыңыз әрине.

Ал, тері құрғауының себептері өзіңізге таныс болса, әрекет етеміз. Терінің жағдайына көмектесеміз.

Кейбіреулерде тері типі өзі құрғақ болып келеді. Кейбір адамдарда ішкі, сыртқы факторлардың әсерінен тері құрғайды. Жаратылысынан құрғақ теріні әлбетте өзгертіп жібере алмаймыз, бірақ дұрыс тамақтану, күтім көрсету, клсметикалық өнімдерді тері типіне қарай дұрыс таңдап, дұрыс қолдануарқылы оның жағдайын едәуір жақсарта аламыз.


Ішкі және сыртқы фактор

Егер теріңіз ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құрғап кетсе, оны анықтау да қиын іс емес. Әр адам өз терісінің жағдайын жақсы біледі. Соған сай әрекет етеді.


Сыртқы фактор

* теріге күтім жасауда қателіктер кетіп жатса;

* химикаттарды көп қолдану;

* өте ыстық немесе өте суық ауа-райы;

* күннің, желдің және кондиционердің кері әсері;

Сабынмен күнделікті бетті жуу, терінің құрғауына әсер ететін косметикалық өнімдерді жиі қолдану, сонымен қатар сүлгімен бетті ысқылап сүрту, өте ыстық немесе өте салқын сумен жуыну да терінің құрғауына жол ашады. Егер осындай әдеттеріңіз бар болса, бірден тоқтата алмасаңыз, біртіндеп арылуға әрекет жасаңыз. Тері типіңізге сай кремдерді қолданып, күтім жасаңыз. Өте ыстық және өте суық ауа-райында бет пен қол терісін қорғау үшін SPF кремдерін қолданыңыз.


Ішкі фактор

А, Е, РР, В2 дәрумендерінің жеткіліксіздігінде;

Гормондардың бұзылысында;

Қандай да бір ішкі органдардың ауруларында;

Спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерін қолдануда;

Депрессия, стресс;

Жастың ұлғаюына байланысты терінің серпімділігі бәсеңдеуіне байланысты тері құрғауы мүмкін.

Осы себептерден тері құрғап жатса, ол адамда мынадай өзгерістер болады:


Терінің сезімталдығы артады, жай ғана сумен жусаңыз да тері тартылып, тырысады, құрғақтық айқын білініп, тері жарылады, терінің беткі қабаты сыдырылып, түлейді. Қышиды, кейде теріге әртүрлі бөртпелер шығып кетеді.

Асқынған жағдайларда «кесіліп» кетеді. Бұл тері ауруларына ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан, алдын алғаныңыз дұрыс. Терінің бұлай құрғауы тері ауруларының белгісі болуы мүмкін. Мысалы, шынтақ, тізе, алақан, мойын, желке құрғап, кедір-бұдыр болып, бөртпелер көбейіп, тері қатайса атопиялық дерматит, псориаз, экзема секілді ауруларды тудырады. Мұндай сырқаттар әрине маманның көмегімен ғана емделеді.


фото: Twitter

Себебін анықтау керек

Терінің қорғаныш қабаты – гидролипидтік мантия деп аталады. Ол жоғарыда айтылған ішкі, сыртқы факторлардың нәтижесінде бұзылып, жұқарып кетеді де, біртіндеп құрғап, тері ауруларын тудырады және аллергиялық ауруларды шақырады. Осындай аурулардың әсерінен тері клеткалары қалпына келе алмағандықтан, теріге әжім түсіп, тез қартаюға алып келеді.

Егер теріңіз қышып, әбден құрғап, әртүрлі бөртпелермен толығып жатса, косметолог-дерматолог мамандарына көрініп, нақты себебін анықтаңыз. Өйткені кейбір азық-түлік өнімдері асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы, гормондық өзгерістер, жас ұлғайған сайын ағзадағы кейбір функциялардың қызметі баяулауына байланысты тері құрғауының себептері болуы мүмкін.


ОМЕГА май қышқылы және су негізі

Сау тері – сау ағзаның көрінісі. Тері жылтырап, таза көріну үшін ішкі ағзалардың жұмысын реттеу керек. Ең маңызды көмек – дәруменге бай азық-түліктерді рационыңызға енгізіңіз. Олардың қатарына омега май қышқылы және таза суды көбірек ішу кіреді. Ашық күн астында көп жүрмей, спиртті ішімдіктер мен темекіден мейлінше алыс болыңыз.

Сондай-ақ, эмальданған крем (эмалированный крем) қолдану да жақсы әсерін тигізеді. Егер теріңіз шамадан тыс құрғауға бейім болса, косметологиялық процедураларға жүгінгеніңіз дұрыс. Өйткені бұл процурада теріге қажетті дәрумендерді, гиалурон қышқылын тері астына енгізеді. Нәтижесі ұзақ уақыт бойы сақталады. Сонымен қатар, бетті ылғалдандыратын тоник, тонер, крем, сарысу (сыворотка), эмульсия секілді косметикалық өнімдер, маскалар көп көмегін береді.


Қандай өнімдер құрғақ терінің жағдайын жақсарта алады?


Зығыр майы

Барлық өсімдік майларының ішіндегі Омега-3 май қышқылына бай өнім. сонымен қатар, зығыр майында Е дәрумені мен фолий қышқылы көп кездесетіндіктен, құрғақ теріге таптырмас көмекші.


Авокадо

Антиоксиданттар, глутатион, магний, фолий қышқылы, К, D дәрумендеріне бай өнім. Авокадо майы тері ылғалдылығын бір қалыпта сақтап, терінің тонусын жақсартады.


Жұмыртқа

Жұмыртқа белоктарға бай. Онда теріге қажетті барлық амин қышқылдары бар, ал сарыуызында А, В12, Е, D дәрумендері, фолий қышқылы, биотин, В5 дәрумені өте көп.


Сары түсті азық-түліктер

Сары түсті өнімдер бета-каротиннің бұлағы, оны адамның ағзасы А дәруменін синтездеу кезінде қолданады. Сонымен қатар, сары түсті өнімдер Е дәрумені, микроэлементтер- хром, марганец, жез секілді адам ағзасына аса қажетті өнімдерге бай.


Балық

Балықтың пайдасы ұшан-теңіз. Оның негізгі пайдасы Омега-3 май қышқылында. Балықтың құрамындаА, С, Е, В12 дәрумендері мен микроэлементтер – темір, цинк бар. Одан бөлек селенге бай, тап осы селен терінің серпімділігін қамтамасыз етеді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАРАСЫМДЫ киіну өмірге құштар етеді


Қолтық, тізе, шынтақ не үшін қараяды?