​ҚҰРҒАҚ теріге ӘЖІМ тез түседі

0
3 807

Әжімнің ерте түсуіне бірден-бір себеп- құрғақ тері.


​ҚҰРҒАҚ теріге ӘЖІМ тез түседі

фото: zdravolive.ru

Сондықтан, оның алдын алып шешімін табуға асығыңыз. Өйткені, отыз жастан асқаннан кейін ғана терісінің құрғақтығына шағым айтып, ұсақ әжімдердің пайда бола бастағанына көңіл-күйі түсетін қыз-келіншектер дәл қазірден бастап күтінуді қолға алғаны жөн.

Жас кезде көптеген қыздарды терінің құрғақтығы көп алаңдатпауы мүмкін, бірақ уақыт өте келе әжімдердің әлдеқайда ерте түсуіне бірден бір себеп болатын осы мәселе.

Ең алдымен теріңіздің қандай типке жататынын анықтап алыңыз. Терінің құрғақтығын анықтау оңай. Ол үшін теріңізге тырнағыңызды батырып көріңіз. Тырнақ ізі ұзақ уақытқа дейін кетпесе, теріңіз құрғақ. Жалпы, терінің құрғақтығы қандай себептерден пайда болады деп ойлайсыз ба? Тері құрғақтығының басты себептерінің бірі-ағзаға судың жетіспеуі. Мамандардың айтуы бойынша тері мен ағзаға су толығымен жету үшін күніне кемі 2 литр су ішу қажет.

Көбірек су тұтыныңыз. Одан бөлек, терінің құрғауы бет күтімінің дұрыс жасалмауында. Яғни, сіздің теріңіздің типіне келмейтін косметикалық процедуралар қолдану теріңіздің жағдайын бұзуға әкеледі.

Жиі қабыршақтану-ылғалдың жеткіліксіз болуына байланысты құрғақ тері қабыршақтана бастайды, қызару пайда болады, кейін сезімтал бола бастайды.


Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, МЫНА әрекеттерден алыстау болыңыз:

- Кондиционерде ұзақ уақыт тұру
- Теріні жасанды тотықтыру (загар)

-Кофеинді шамадан тыс тұтыну
- Ысталған ет
- Шамадан тыс күн сәулесі
- Жиі душ қабылдау
- Теріңізді кептіру үшін қатты сүлгілерді қолдану
- Шомылу үшін өте ыстық суды пайдалану
- Құрамында спирті бар тері күтіміне арналған өнімдерді пайдалану

- Ұйқы режиімінің қалыпсыздығы

- Дұрыс тамақтанбау

- Косметиканы дұрыс таңдамау. Егер осылардың бірі сіздің күнделікті әдетіңізге айналса, теріңіздің құрғауынан зардап шегесіз.

Жалпы, құрғақ теріге күтіну жолдары өте көп. Бірақ ішінде сізге жағатыны санаулы болуы мүмкін. Сізге аллергия тудырмайтын, көңіліңіз қалап тұрған әдістерді қолдануға тырысыңыз.

фото: makeupkey.ru


Терінің құрғақтығымен қалай күресуге болады?

1.Косметологтар көбінесе биоревитализация процедурасын ұсынады - яғни терінің дермальды қабатына гиалурон қышқылын енгізу. Ал мұның әсері де уақытша. Сондықтан ұзақмерзімді қалпына келтіру шараларын орындап көріңіз. Нәтижесіне сай, бұл да ұзақ уақытты және табандылықты қажет етеді.

Ол үшін тамақтануды қалыпқа келтіру, дәрумендер мен белсенді қоспаларды қабылдау, ұйқы мен демалысты қалыпқа келтіру.


2. Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен теріні қорғау

Терінің салбырауы, атонизм, бет терісінің диспигментациясы, көздің шаршауы және жалпы шаршау, ұйықтап қалу проблемалары ультракүлкін сәулесінің теріс әсерінің көрінісі. Оның пайда болуы көбінесе компьютер, планшет, смартфондар және флуоресцентті шамдарды жиі қолданғаннан.

Зерттеу нәтижелері бойынша компьютер, смартфондардан бөлінетін «көгілдір» жарықбасқа жарықтарға қарағанда 15 есе қауіпті. Күшті тотығу стресін тудырады, коллаген талшықтарының тозуын, дақтардың пайда болуын, құрғақтықты және терінің сезімталдығын арттырады.

Құрамында SPF 30 қосындысы бар бетке арналған, теріні ылғалдандыруға, қорғауға және өңсізденудің алдын алуға арналған толыққанды күндізгі тері күтімі үшін жасалған кремдерді қолданыңыз. Құрамында алоэ сығындысы бар, С дәруменіне бай, мырыш оксиді, Ши майы және бірегей ингредиент каннабидиол- теріні сауықтырады, тері жасушаларының жұмысын қалыпқа келтіріп, теріні ылғалдандырады, нәрлейді және қалпына келтіреді. С дәрумені-пигментация мен ерте қартаюдың алдын алады.


3. Терінің тосқауыл функциясын қалпына келтіріңіз

Ең алдымен, қартаюға қарсы процедураларды қабылдамас бұрын терінің қорғаныс қызметін күшейту керек. Ол үшін құрамында 2-3 негізгі элементтері бар кремді қолданыңыз:

Гидратанттар-терідегі су молекулаларын тартатын және ұстап тұратын заттар: несепнәр, сүт қышқылы, церамидтер, гиалурон қышқылы, глицерин.

Эмоленттер-терінің бетінде қорғаныс қабатын қалыптастыратын заттар (олар кремнің тығыздығын анықтайды) – бұл өсімдік және минералды майлар, майлар, балауыздар, диметикон.

Аквапориндердің көбеюі арқылы тері жасушаларының ылғалдануын қалпына келтіретін ингредиенттер. Ылғал ішке енетін жасуша арналары арқылы қалпына келтіре аласыз.


4. Терінің антиоксиданттық қорғанысын қалпына келтіру және күшейту

Антиоксиданттарды ішке қабылдау-жастық пен денсаулықты сақтаудың тамаша тәсілі. Соған қарамастан, сыртқы қолдануға қарағанда ішке қабылдаудан тері өзіне қажеттісін көп мөлшерде ала алмайды.

Маңызды! Осы 4 ережені сақтай отырып, 1-2 ай ішінде терінің максималды табиғи қалпына келуі орын алады, содан кейін нәтижені сақтап қалу үшін, одан әрі ынталандыру үшін күтімді үзбеу керек.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


"МАКИЯЖСЫЗ" МАКИЯЖ - ӘР КҮН САЙЫН


СӘНҚОЙ әрі ТАЛҒАМЫ ЖОҒАРЫ болу КӨП АҚША қажет емес