​ҚЫСҚА БОЙЛЫ қыздарға кеңес

0
3 137

Киім арқылы мұны «жасыруға» болады


​ҚЫСҚА БОЙЛЫ қыздарға кеңес

Кейбір қыздардың бойы аласа болғандықтан, бойларында комплекс болуы мүмкін. Алайда, бұны кемшілік деп айтуға келмейді. Дегенмен, сізге қолайсыздық туғызса, киім арқылы мұны «жасыруға» болады.


Қандай киімдерді таңдау керек?

Бойыңыз аласа болса, көбінесе бір түсті киімдерді таңдағаныңыз дұрыс. Тым ашық түсті киімдерді таңдағанда да сақтық танытыңыз. Дене бітіміңізге кең тұратын емес, біраз «жабысып» тұратын киім сіздің бойыңызды ұзарта түседі. Вертикал сызықтар түскен, етек жағы қысыңқы киімдер де сізді бойшаң етіп көрсетеді.

Классикалық стильдегі киімдер сізге сай келеді. Қызметтік киім таңдамақ болсаңыз, белдемшесі қысқа, костюмі ұзындау немесе керісінше киімдер топтамасын таңдауыңыздан шығарып тастаңыз. Себебі, мұндай киімдер сізді одан сайын кішірейтіп, аяқтарыңызды қысқа етіп көрсетеді.


Ең дұрыс шешім-қарапайым қара көйлек

Дене тұрқы шағын қыздарға ұзындығы тізеден төмен де емес, жоғары да емес, жеңі ұзын емес, бел тұсы жоғарылау тігілген, кішкентай көлемдегі түйме мен түрлі безендіруші тастардан тұратын көйлек болғаны дұрыс. Қара түсті көйлек бойы аласаларға керемет үйлеседі. Алайда, сіз өте жіңішке, арық болсаңыз, қара түстің орнын алмастыруыңызға тура келеді. Қара түстің орнына қоюлау түстердің бірін, мысалы қою қызыл, қоңыр секілді өзіңізге жарасымды түстерді таңдасаңыз ұтылмайсыз.

Желбезек, қабаттап тігілген көйлектерге жоламағаныңыз жөн, өйткені бұл ұзын бойлы қыздарға арналған.



«Жоғарғы» киімдер

Яғни, киімнің тек үстіңгі бөлігі, кофта, жейде таңдайтын болсаңыз, жеңі ¾ см ұзындықта, жағасы орташа (тым үлкен немесе тым кіші емес), бел тұсы «қыпша белге» арналып тігілген киімдер дұрыс. Ал костюм таңдасаңыз, ұзындығы келте, белге дейін ғана жететін түрі жақсы үйлеседі.

Киімдегі қандай да бір аксессуарлар ұсақ көлемде болғаны жөн. Киіміңіз аяқ киіміңізбен үйлессе нұр үстіне нұр болар еді.


Ұзын моншақ, «тамшы» кулон

Бойы кішкентай қыздар аксессуар таңдағанда да мұны ескере жүргені жөн. Ұзын моншақ та бойыңызды ұзын етіп көрсететінін білуші ме едіңіз?! Жіңішке белдіктер, кішкентай көлемдегі сөмкелер, тамшы тәрізді кулон секілді аксессуарларды назардан тыс қалдырмаңыз.


Белдемше мен шалбар

Бойыңызды аз да болса «ұзартқыңыз» келсе, белдемшенің қиық тұсы артында немесе жанында орналасқан, ұзындығы тізеден сәл төмен белдемшелер сізге керемет жарасады.

Мұндай белдемше аяғыңызды біраз ұзартып көрсетеді. Классик пішіндегі, түзу сызық бойымен пішілген, аяқ киіміңіздің «сірісін», яғни, өкшесін жасырып тұратын және туникалармен үйлесетін шалбар түрлерін таңдаңыз. Егер бойыңыз аласа болып, толықтау болсаңыз, ұзын әрі кең, клеш белдемшелерге жоламаңыз.

Оның орнына вертикал, бел тұсында жіңішке белдігі бар белдемшелерді таңдаңыз.


Шаш сәндеуге де мән беріңіз

Шашыңызды сәндегенде жоғарыға түймеңіз. Шашыңыз иықтан төмен болса, бір тегіс еті қиылған немесе келте қиылған шаштар жарасады. Ұзын немесе көлем беріліп, жоғарыға түйілген шаштар қысқа бойлыларға жараса бермейтінін есте ұстаңыз. Егер шашыңызды жинап жүруді қаласаңыз, тым жоғарыға жинауды қажеті жоқ.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КОРЕЙ әйелдері ЖАС КӨРІНЕДІ, оның себебі МЫНА 5 ҚҰПИЯДА жатыр


ӘДЕМІ БОЛУ ҮШІН күнделікті 15 МИНУТ ЖЕТЕДІ