МАКИЯЖды ҰЗАҚ САҚТАЙТЫН - фиксатор

0
6 518

Қалай қолдану керек?


МАКИЯЖды ҰЗАҚ САҚТАЙТЫН - фиксатор

Ең алдымен, макияжға арналған бекіткіш (фиксатор для макияжа) дегеннің не екенін анықтап алайық. Мүмкін түсіндіріп жату артық та шығар, алайда оның қалай қолданылатынын білу әрбір қыз-келіншекке маңызды.

Бұл косметиканың үстіне қолданылатын спрей. Яғни, макияж жасалып, барлығы аяқталған соң арнайы бекіткішті бояудың үстінен бүріккенде мейкап ұзақ уақытқа бұзылмай сақталады.

Кең қолданысқа енгенге дейін макияжды бекітетін спрейлерді тек кәсіби макияж шеберлері қолданған. Бұл арнайы сән көрсетілімдері үшін және киноға түсетін мамандар үшін ғана қолданылатын еді. Уақыт өте келе косметикалық брендтер осы өнімді кең нарыққа шығарды. Қазіргі кезде мұндай спрейлер көпшілікке қолжетімді.


Бекіткіш НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

* Байқаусызда немесе әдейі бетіңізге жиі қолыңызды тигізесіз. Сондықтан, бекіткіштің ролі маңызды.

* Макияж күні бойы сақталғанды кім ұнатпайды?

* Теріні шаң-тозаң мен аудан келетін лас заттардан қорғау үшін.

* Телефонмен сөйлескенде макияж «өзгермейді».

* Теріңіз майлы болса опа жақсаңыз да бетіңіз жылтырайды, сондықтан бекіткіш мұны жасырады.


фото: ambrosewilson.com


ҚАНДАЙ түрлері бар?

Барлық макияж бекіткіштері екі түрге бөлінеді. Кәсіби және кәсіби емес.

Кәсіби бекіткішті қолдануды жөн көретін мамандар оның қызметі ұзаққа жететінін айтады. Ал кәсіби емес, екінші түрі теріні күтімді, сергіткіш, әрлендіруші әсерімен әдемі көрініс жасайды.


КЕМШІЛІГІ

Тұрақты өнімдердің, кәсіби бекіткі құрамында табиғи компоненттер аз кездеседі, сондықтан олар күнделікті қолдануға жарамайды.


Қайсысы жақсы?

Қандай спрейді таңдайтыныңыз сіздің қандай әсерге қол жеткізгіңіз келетіндігіне байланысты.

Теріңіз құрғақ, су балансы бұзылған болса бекіткіштің ылғалдандыратын түрін таңдаңыз. Кешкі макияж жасатып, оның ерекше жарқырап тұрғанын қаласаңыз жылтыр бөлшектері бар спрей қолайлы.

Майлы тері иесін көп әуреге салмайтын, майлы жылтырды жасыратын бекіткішті таңдасаңыз теріңізді күңгірттейтін фиксатор дұрыс келеді.

Бұдан басқа нұсқалар бар. Мысалы, коллаген мен алтын сығындысы бар күтім жасайтын бекіткіш және көп функциялы спрей.

Көбінесе қолданыста болатыны сергітетін спрей. Бұл сізге не үшін қажет? Өйткені ол теріңізге нәр береді және күні бойы макияжға балғындық беру үшін қолданылады.


Қалай қолдану керек?

* Көбінесе бекіткіш макияжды біткеннен кейін қолданылады. Өнімді бетіңізден 20 см қашықтықта ұстап бүркіңіз. Қажет болған жағдайда қалдықтарды қағаз майлықпен сүртіңіз.

* Мейкап алдында бекіткішті қалай дұрыс жағуға болады? Таза теріге спрейді бүркіп, оның құрғағанын (кепкенін) күтіңіз, содан кейін тональды кремді жағыңыз. Бұл жағдайда бекіткіш праймердің орнын алмастыра алады.

* Егер мінсіз макияж болсын десеңіз, бекіткішті макияждың әр кезеңінен кейін, әр қабатты бекіткішпен «бекітуді» ұмытпаңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы ОҚЫҢЫЗ:


БАЛАЯЖ, ОМБРЕ: Ең сәнді ШАШ үлгісін ҮЙДЕ жасауға болады


ҚАС ТАТУАЖЫ: Қай түрін жасатқыңыз келеді?