​Масс МАРКЕТтегі қолдануға БОЛАТЫН және БОЛМАЙТЫН өнімдер

0
3 407

«Масс-маркет» дегеніміз не, бұл ұғым неліктен жиі қолданылады?


​Масс МАРКЕТтегі қолдануға БОЛАТЫН және БОЛМАЙТЫН өнімдер

Көпшіліктің нарыққа деген көзқарасы әртүрлі. Кейбіреулер үшін арзан косметика қолайлы, өйткені, брендтік өнімдер аллергия тудырады. Сондықтан масс-маркеттегі ең танымал 5 косметикалық өнім мен қолдануға болмайтын, яғни пайдасы шамалы өнімдермен таныс болыңыздар. Себебі сіз өз теріңіздің саулығы үшін жауаптысыз, ал қандай өнімді қолдану керектігін тек қана өзіңіз шешесіз.


«Масс-маркет» дегеніміз не, бұл ұғым неліктен жиі қолданылады?

Масс-маркет негізінен косметика мен киімге қолданылады. Біз косметика саласын қарастырайық. Мұнда масс-маркет сериясының құрамына өсімдік сығындылары, майлы және эфир майлары, түрлі минералдар мен дәрумендер сияқты арзан компоненттер кіреді. Сондай-ақ, компоненттер ретінде химиялық консерванттар мен хош иістер, парабендер, минералды майлар, сұйық парафин және басқалар бар.

Сондықтан, өнімді таңдағанда оның жағымсыз салдарын азайту үшін өнімнің сипаттамасын мұқият оқып шығыңыз. Масс-маркеттің баламасы бұқаралық нарық десек те болады. Ал бұқаралық нарықта көпшілікке қолжетімді және кеңінен қолданыстағы өнімдер айтылады. Оларға тән белгілер кең танымалдылығы, жарқын қаптамасы мен арзандығы. Олар терінің кез-келген түріне сәйкес келетіндігін көрсетеді, сонымен қатар өте қолайлы.

Косметикасын қолдану өте оңай және арнайы сақтық шараларын қажет етпейді.

*құрғақ және қалыпты теріге арналған;

*құрғақ теріге арналған;

*майлы теріге арналған;

*сезімтал теріге арналған түрлерінің сізге сәйкес келетінін таңдаңыз да қолдана беріңіз.

Танымалдық рейтингі мен тұтынушылардың шолуларына сәйкес ең жоғары сапалы жаппай нарық косметикасын шығаратын


Ең жақсы 5 бренд


1)Финляндияның Lumene бренді

Өнімдерді екі бағытта шығарады: Күтім және Сәндік. Lumene әр түрлі жасқа лайықты және тері түрлеріне сәйкес косметика өндіреді. Ерлерге арналған арнайы күтім желісі, сондай-ақ жастарға арналған «Natural Code» жеке сериясы бар.

Солтүстік өсімдіктерінің пайдалы сығындыларын осы брендтің барлық өнімдерінің құрамынан табуға болады.


2)Sleek MakeUp - британдық бренд

Sleek MakeUp топтамасына қанықтығымен және түс палитрасының әртүрлілігімен ерекшеленетін, әртүрлі текстураның жоғары пигментті өнімдері кіреді. Компания қол жетімді бағамен жоғары сапалы өнім шығаруды мақсат етеді.


3)Италияндық Nouba бренді

Басқалардан айырмашылығы-қауіпсіздік, керемет түстер, нәзік текстуралар, күнделікті және эксклюзивті косметиканың бай реңктері.


4)Ресейлік Splat Professional бренді

Heya сусабындары мен бальзамдары, тіс пасталары және шайғыштар сияқты күтім және емдеу косметикасын өндіруге машықтанған. Splat компаниясының ауыз қуысына арналған гигиеналық құралдарын жетекші өндірушілер арасында әлемде үшінші орын алады.


5)Belweder - поляк косметикалық өнімдерінің атауы

Барлық өнімдері гипоаллергенді, тырнақ өнімдерін шығаруға мамандандырылған, бүкіл бренд топтамасының жартысынан көбін құрайды. Тағы бір бағыт- ерінге арналған құралдар. Әр түрлі жастағы тұтынушылар үшін өнімнің лайықты сапасы мен қолайлы бағасы бұл брендті таңдауға мұрындық болады.

Көптеген тұтынушылар «Garnier» брендінің кейбір өнімдерін жиі таңдайды, мысалы «ВВ кремі», мицеллярлық су және теріні күтуге арналған негізгі құралдар. «NYX» брендінің сәндік косметикасы бай түс схемасына және сонымен қатар керемет сапаға ие. «Essence» арзан өнімдер жас қыздарға үнемі жаңарып отыратын ассортиментімен және бетке арналған сәндік өнімдердің жағымды реңктерімен ұнауы мүмкін.


Масс Маркеттегі қолдануға болмайтын заттар
«Чистая линия»
бетке арналған скрабы. Неге бұл скрабты бетке қолдануға болмайды? Өйткені, бұл скрабты қолдану теріні ысқышпен немесе щеткамен ысқылаумен бірдей. Нәзік тері үнемі осындай жағымсыздыққа ұшыраса, әрі қарай да зақымдала береді, қабыну пайда болады. Ал бұдан кейін әжімге қарсы немесе басқа да теріні қалпына келтіретін кремдерден пайда жоқ.

Бала кезімізден таныс,барлық дүкеннің полкасында әдемі көк түсті крем болып есімізде қалған крем туралы не білеміз?


NIVEA кремі, бұл кремде косметика саласында жағымсыз деп саналатын минералды май, парафин бар. Парафин мен балауыз (воск) терінің бетінде пленка қабатын қалыптастырады және терінің ұсақ тесіктерін бітеп тастайды. Әсерінен теріде безеу пайда болуы мүмкін.


3-в-1 Таза тері Garnier

Гель-скраб-маска Garnier-ді қолдансақ теріміз таза болады ма? Макияжды кетірмейді, бетті мүлдем тазаламайды. Онда оның бізге не қажеті бар? Скраб ретінде қолданармыз, бірақ оның құрамындағы кішкентай түйіршіктер теріні зақымдап, тері тесіктерін ұлғайтады. Мұндай гель-скраб-масканың қажеті жоқ.


«Детский крем»-нің ешқандай зияны жоқ, қолдана бер деген кеңесті естіген болсаңыз, есте сақтаңыз. Мұның да қауіпті тұстары бар екен. Ол терінің Рһ деңгейін төмендетеді. Ал ересектерде Рһ деңгейі онсыз да төмен. Сондықтан, мұндай өнім тек зиянын тигізуі мүмкін.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ШАШ күтіміндегі ЖАҢА үрдіс - «КЕРІ ЖУУ»


КІРПІКті ламинаттаудан бұрын АРТЫҚ-КЕМШІЛІГІН біліп алған жөн