​МИЦЕЛЛЯРЛЫҚ СУдың қандай пайдасы бар

0
4 738

Мицеллярлы судан соң, құбыр суымен жуу қажет пе?


​МИЦЕЛЛЯРЛЫҚ СУдың қандай пайдасы бар

Әйел сұлу болу үшін, өзіне күтім жасау үшін барлық амалдарды қолданып бағады. Қазіргі кезде косметикалық өнімдердің арасында танымал өнімдердің қатарына мицеллярлық су да кіреді. Оның әмбебап құрал екендігі барлығына жақсы таныс.

Өзіңізге күтім жасауда жұмысыңыздың жеңілдегенін әрі сапалы тері тазартуды қаласаңыз, бұл өнім сізге де жақсы таныс болса керек.

Күнделікті немесе кешкілік макияж жасауда сәтсіздікке тап бола қалсаңыз, ең бірінші көмекке келетін осы мицеллярлық су.


Мицеллярлық су дегеніміз не?

Латын тілінен аударылған «mica» сөзі «үгінді» немесе «жарма, ұнтақ» деген мағынаны береді. «Мicella» яғни, мицеллярлық су ластануды тиімді тазартады. Оларды молекулаларында жасыра алатын микробөлшектері (мицеллалар) бар тазартқыш.

Терідегі май мен жағылған түрлі косметиканы, шаңды «ақылды микробөлшектер» өзіне магнит сияқты тартады. Мицеллалар дәл осындай мицеллярлық судың құрамына ғана болмайды, яғни теріні тазартуға арналған көптеген құралдарда, жуынуға арналған көбіктерде, гельдерде және сусабындарда да кездеседі. Олар белгілі бір мөлшерде теріні тазартады, ал мицеллярлық су тікелей беттегі косметиканы, күні бойы ластанған теріні кәдімгі судан гөрі тиімдірек тазартады.


Мицеллярлық су теріге қалай көмектеседі?

Мицеллалары бар су ең алдымен теріні тазартады және терінің терең қабаттарына кері әсер етпестен жұмсақ етеді. Макияжды, терінің ластануын ұқыпты тазартып, ылғалдандырады.


Мицеллярлық суды қалай пайдалану керек?

1. Мицеллярлық суға мақта дискісін аздап батырып алған соң бетіңізді массаж сызықтары бойымен ақырын сүртіңіз. Теріні қатты ысудың және оны күшпен басудың қажеті жоқ.

2. Көзге жасалған макияжды кетіру үшін мицеллярлық суға малынған мақта дискісін жоғарғы қабақтың үстіне қойып, сәл ғана (30 секундтай) күтіңіз, содан кейін макияж қалдықтарын кірпіктің өсу бағытына қарай сүртіңіз. Қажет болса көздің астыңғы жағын да дәл солай қайталаңыз.

3. Мицеллярлық суды күнделікті 2 рет қолдануға болады, таңертең және кешке. Қажет болған жағдайда экспресс-тазартудан өткізе бересіз.



Мицеллярлық суды жуу керек пе?

Мицеллярлық суды қолданғаннан кейін теріні жуған әлбетте жақсы. Өйткені мицеллалар (сол микробөлшектер) өздеріне кір мен майды «тартып алады» және тазарту әрекетін жалғастыра отырып, бетіңізден «ешқайда кетпейді».

Сондықтан мүмкіндігінше мицеллярлы сумен бет терісін тазартып алған соң, ары қарай тазартуды жалғастырып, құбыр суымен жуып тастағаныңыз жөн. Мицеллярлық суды сумен жумау терінің безеуі, қызаруы немесе құрғауы қаупін арттырады.

Мицеллярлық ерітінді қарапайым сумен оңай жуылады, бірақ сонда да макияжды кетіргеннен кейін тереңірек тазартуға арналған құралды (көбік, гель, көбіктенетін крем, сүт) қолданғаныңыз жөн.


Мицеллярлық су кімге қолайлы

1. Мицеллярлық өнімдер терінің барлық түрлеріне жарамды

2. Егер сіздің теріңіз құрғақ әрі сезімтал болса, құрамында тыныштандыратын және қалпына келтіретін компоненттері бар өнімді таңдаңыз. «Гипоаллергенді» белгісіне назар аударыңыз.

3. Теріңіз майлы болса оны азайту үшін өзін-өзі реттейтін компоненттері бар суды таңдаған дұрыс. Оның құрамында спирт немесе теріні құрғататын заттар жоқ.

4. Қалыпты теріге кез-келген әмбебап мицеллярлық ерітінділер қолайлы.


Мицеллярлық судың қандай артықшылықтары бар?

Мицеллярлық су ластануды мұқият кетіреді, ылғалмен қанықтырады, ал эпидермистің жоғарғы, липидті қабатын бұзбайды. Макияжды жылдам кетіреді.

Мицеллярлық су көздің шырышты қабығын тітіркендірмейді және қызаруды тудырмайды.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚАЙЫЗҒАҚ неден пайда болады, қалай ЖОЯМЫЗ?


БОЯУСЫЗ да шаштың әдемі түсін жасауға болады